Мемлекеттік тіл – бірлік пен тұрақтылық кепілі

Қазақ тілі – ұлттың тарихи болмысын, мәдениетін және дүниетанымын сақтап отырған негізгі құндылық. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен қолданылу аясын кеңейту – ел дамуының маңызды бағыты.

Бүгінде қазақ тілінің мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі рөлі артып келеді. Дегенмен оны барлық салада толыққанды қолдану жүйелі жұмысты талап етеді. Әсіресе ресми құжат айналымында, құқықтық қатынастарда және іскерлік ортада мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту өзекті болып отыр.

Сот жүйесі – заң үстемдігі мен әділдіктің негізі. Сондықтан бұл салада мемлекеттік тілдің үстемдігі сақталуы қажет. Азаматтардың сотқа жүгінуі, құқықтарын қорғауы және сот процестеріне қатысуы түсінікті әрі қолжетімді тілде жүзеге асқанда ғана әділ сот төрелігі қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу, сот актілерін қазақ тілінде рәсімдеу және тілдік талаптарды сақтау маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

Мемлекеттік тілдің дамуы тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, ол қоғамның ортақ жауапкершілігі. Ана тілді құрметтеу – оны күнделікті өмірде белсенді қолданудан басталады. Жастар арасында қазақ тілінің беделін арттыру және оны еркін қолдану мәдениетін қалыптастыру – келешек үшін маңызды фактор.

Қорытындылай келе, мемлекеттік тілдің нығаюы – ел бірлігін бекемдеп, ұлттық құндылықтарды сақтауға қызмет етеді. Қазақ тілін дамытуға әр азаматтың үлес қосуы – қоғам алдындағы ортақ міндет.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының әкімші басшысы Жандос Есболұлы

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...