МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ӘДІЛ СОТТЫҢ НЕГІЗІ

        Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл талап Конституция мен қолданыстағы заңнамаларда бекітілген және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін толық әрі тиімді қорғауға бағытталған.

       Сот процесін мемлекеттік тілде жүргізу тараптардың іс материалдарын еркін түсінуіне, өз ұстанымдарын нақты білдіруіне және әділ сот шешіміне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің сот жүйесінде кеңінен қолданылуы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

      Қазіргі таңда сот органдарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, бұл бағытта мамандардың тілдік құзыреттілігін арттыру және құқықтық құжаттардың сапасын жетілдіру қажеттілігі сақталып отыр.

      Осыған байланысты мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі рөлін нығайту – құқықтық мемлекет қағидаттарын іске асырудың маңызды шарты болып табылады.

Измаганбетова Данель Жангазыевна, Қарақия аудандық сотының жетекші маманы

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...