Мемлекеттік тіл ұлт мәртебесі

Тіл – ел тәуелсіздігінің айғағы. Қай ел мен ұлтта болсын туған тілі қастерлі де, қасиетті болып саналады. Біздің мемлекет үшін қазақ тілі қай уақытта болмасын құдіретін жоймаған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы тәуелсізідігін жариялағаннан кейін 1996 жылы “Тіл саясаты туралы тұжырымдамасы”, 1997 жылы “Тіл туралы ” Заңы бекітілген.
Ертеде ата-бабаларымыз бала тәрбисіне ерекше көңіл бөлген. Соның ішінде ең бастысы- туған тілін ана сүтімен бойға дарытқан. Бала ес біле бастағаннан-ақ оған салт-дәстүрлерді ана тілінде өрілген өлең-жырлар мен орындап, жас сәби бойына ана тілінің қасиеті мен құндылығын үлгі еткен.Сол үшін бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің болашағымыз үшін әсері зор екендігін ұмытпағанымыз жөн.
Өз тілінде сайрап, оны қадыр тұтып тұрған азамат ертеңгі күні елі үшін аянбай еңбекетері сөзсіз. Ана тіліміз арқылы біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін сүюімен, өз ана тілін ардақтай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады.
Көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы: “Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады” дегендей, қазіргі ана тіліміздің келбеті қандай, бүгінде елімізде “өзге тілдің бәрін біліп” ана тілінде еркін сөйлей алмайтын замандастарымыз қаншама.
Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Иә, бүгінгі қоғам өзге тілдерді үйренуге ешқандай шек қоймайды. Алайда қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әрбір қазақазаматының үлесі болса екендейміз. Ана тілін құрметтеу әр адамның басты міндеті болып табылады. “Тәрбие – тал бесіктен” демекші, шаңырақ басындағы жас сәбиге де ең бірінші өз тілін үйреткеніміз жөн.
​Себебі еліміздің болашағы осы тілімізге байланысты құрылады.

Түркістан облысының кәмелетке толмағанадардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының сот әкімшісі Ғ.Артыққызы

Сапалы білім-елдің интеллектуалдық дамуының негізі

Қазіргі әлемде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарымен ғана емес,...

В учреждении №74 состоялись соревнования по национальной игре «Арқан тарту»

В рамках спортивных мероприятий среди осужденных, посвященных VI Всемирным...

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында тәрбие жұмыстары өткізілді

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында сотталғандар арасында тәрбиелік мәні бар...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Тіл – халықтың рухани болмысын, тарихи жадын және ұлттық...

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне арналған құқықтық сағат

Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Ш....