Мемлекеттік тіл — қоғамның негізі

Мемлекеттік тіл – кез келген тәуелсіз елдің ең басты тіректердің бірі. Ол тек қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың рухани байлығы, мәдениеті мен тарихының айнасы болып табылады. Сондықтан, «мемлекеттік тіл-қоғамның негізі» деген тұжырым терең мағынаға ие.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі – ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттың дүниетанымын, салт дәстүрін, рухани құндылықтары бойына сіңірген қасиетті тіл. Бұл тіл арқылы, ата-бабаларымыз өз ойларын жеткізіп, ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бүгінгі таңда сол мұраны сақтап, әрі қарай дамыту – әрбір азаматтың міндеті.

Мемлекеттік тіл қоғамдағы бірлікті нығайтады. Бір тілде сөйлейтін халықтың арасында түсініктік пен ынтымақ болады. Тіл – адамдарды жақындастыратын, ортақ мақсатқа жетелейтін күш. Егер қоғам мүшелері мемлекеттік тілді еркін меңгерсе, онда ел ішіндегі байланыс күшейіп, әлеуметтік тұрақтылық артады.

Сонымен қатар, мемлекеттік тіл білім мен ғылымның дамуына да ықпал етеді. Ана тілінде білім алған адам өз ойын еркін жеткізе алады, терең ойланып, жаңа идеялар ұсына алады. Бұл өз кезегінде елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырады. Қазіргі заманда қазақ тілін ғылым, технология, бизнес салаларында кеңінен қолданылуы – оның болашағының жарқын екенінің белгісі.

Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі. Тілін жоғалтқан халық өзінің мәдениеті мен тарихынан алыстайды. Ал тілін сақтаған ел – өз болмысын сақтайды. Сондықтан қазақ тілін дамыту – тек тіл мамандарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір отбасы, әрбер мектеп, әрбім ұйым мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосуы тиіс.

Бүгінге мемлекеттік тілді дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Қазақ тілінде білім беру жүйесі жетілдіріп, түрлі бағдарламалары жүзеге асырылуда. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыс ешқашан тоқтамауы керек. Әсіресе жастардың тілге деген қызығушылығын арттыру – аса маңызды мәселе.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудараралық соты әкімшісінің бас маманы: Бекенов Бауыржан

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...

Поколение профессионалов 

Учащиеся столичных колледжей вошли в число победителей республиканского конкурса...