12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік сатып алудағы жосықсыз қатысушылар тізімі қалай жасалады?

Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік қаражатты жұмсау және мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында енгізілген бірегей механизм. Алайда тамыр-таныстық пен сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қояды деп саналған бұл жүйенің де тиімділігі мемлекеттік сатып алуға  қатысушылардың адалдығына, жауаптылығына тікелей байланысты екенін түсінуіміз керек. Жосықсыз қатысушылар мемлекеттік сатып алу ережелерін бұзады, бәсекелестікті бұрмалайды, соның кесірінен мемлекетке шығын келеді әрі бірегей жүйенің сапасына күмән көбейеді. Соған орай еліміздің заңнамасында «Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі» арқылы мұндай жауапсыз қатысушыларды анықтауға және мемлекеттік тапсырысқа қатысудан шектеуге бағытталған арнайы институт қалыптасып отыр.

Жеткізушілерді (әлеуетті жеткізушілерді) мемлекеттік сатып алудағы адал емес, яғни жосықсыз қатысушы деп тануға қатысты мәселелер «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының ережелеріне шеңберінде реттеледі. Сонымен қатар, жеткізушілерді (әлеуетті жеткізушілерді) сатып алудағы жосықсыз қатысушы деп танудың санаттары «Квазимемлекеттік сектордағы жекелеген субъектілерді сатып алу туралы» заңында дәйектелген.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне ең алдымен жалған ақпарат берген әлеуетті жеткізушілер немесе жеткізушілер енгізіледі. Бұдан бөлек келісімшарт жасасудан жалтарған, табысты деп танылған әлеуетті жеткізушілер мен өздерімен жасалған келісімшарттар бойынша міндеттемелерін орындамаған жеткізушілер де жосықсыз қатысушылар қатарына қосылады. Сондай-ақ өздерімен жасалған келісімшарттар бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілер де мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізіледі. Ал осы жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізуге заңды күшіне енген сот шешімдері негіз болады. Әрі бұл тапсырыс берушінің әлеуетті жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімі негізінде уәкілетті органның көмегімен жасалады.

Әлеуетті жеткізушілерді немесе жалған ақпарат берген жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушылар ретінде тану туралы істерде ұйымдастырушы, жалғыз ұйымдастырушы және тапсырыс беруші мұндай әлеуетті жеткізушіні немесе жеткізушіні мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушы ретінде тану туралы талап арызын әлеуетті жеткізушінің немесе жеткізушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны туралы хабардар болған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей беруге міндетті екенін түсіну маңызды.

Осы ретте мына мәселеге назар аударған дұрыс. Тапсырыс беруші өздерімен жасалған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушылар ретінде тану туралы талап арызын келісімшарт бұзылған немесе мерзімі аяқталған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей беруге міндетті.

Ал сот осы санаттағы істеді қарағанда жеткізушінің кінәсін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 359-бабына сәйкес азаматтық жауапкершілік негізі ретінде және тапсырыс беруші үшін одан туындайтын теріс салдарды Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 6-бабының бесінші бөлігіне сәйкес әділдік пен ақылға қонымдылық критерийлеріне сүйене отырып таразылайды.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімі мемлекеттің және адал қатысушылардың мүдделерін қорғауға арналған маңызды құрал. Бұл мемлекеттік алудағы заңсыздықтардың алдын алып, жауапсыз қатысушыларға тосқауыл қою мақсатын көздейді.

А.Абишева, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Шарт бойынша туындайтын даулардағы ортақ мәселе

Шарттық даулар – шарттық міндеттемелерден туындайды. Мұндай даулардың негізгі...

Қоғамдық жұмыстарға тарту – әкімшілік жазаның жаңа түрі

Заманымыздың заңғар перзенті Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды»...

Жол қауіпсіздігі басты назарда

Қара жолда орын алып жатқан қайғы аз емес. Жолдағы...

«Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры

Мемлекет басшысының жыл сайын халыққа арнап жолдау жасап, елді...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі стратегиялық маңызы

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі стратегиялық маңызы. «Заң және тәртіп»...