Мемлекеттік рәміздер –ел мақтанышы

Жақында мен әлеуметтік желілерден өзіміздің мемлекеттік рәміздер жайлы қызықты деректер оқыдым. Оқыдым да көңілімді ерекше мақтаныш сезімі бөледі. Халықаралық байрақты бәсекелерді айтпағанның өзінде біздің Әнұран мектепішілік шараларда әуелегенде бәріміздің көңіліміз өсіп, мерейіміз асқақтап қалады. Рәміздер – Отаны, елі, туған жері бар елде ғана болады. Бұл тұрғыдан қазақ халқы бақытты.

Кең байтақ жері бар, тəуелсіздігі берік, халқы ынтымақшыл, жастары патриот. Мен интернеттен оқыған деректе кез келген Қазақстан азаматының құжатында міндетті түрде Елтаңба бейнеледі екен жəне Қазақстан туы үнемі оң жаққа қарай желбіреуге тиіс екен. Маған бұл деректер өте қызық болды. Сынаптастарыма айтсам олар да бұл деректі білмейді екен. Біз өз жеріміз, Отанымыз, баспанамыз болғанына мың мəрте шүкіршілік етеміз. Қазіргі жастар патриот, елін жерін сүйеді. Əнұранымыз əуелесе бірге шырқап, домбырасымен күйін күмбірлетіп ел мерейін еселеп көтеріп жүр. Халықаралық əртүрлі спорттық жарыс, олимпиада, чемпионаттарда біздің замандастарымыз оза шауып, Туымызды көкке көтеріп, желбіретіп, Əнұранды əуелетіп жатса арқаланбайтын қазақ жоқ. Осы тұрғыда бүкіл ел қашанда өз отандастарына тілектес. Кез келген мемлекеттік мекемеге барсаңыз Көктуымыз желбіреп тұрады. Бұл да жас ұрпаққа сабақ, мақтаныш. Мен осындай Отанда туғаныма мақтанамын. Əрқашан ұлттық рəміздеріміз асқақтай берсін. Ел мерейі шынайы тəуелсіздігімен асқақ. Біз жастар осы елдің асыл құндылықтарын əрқашан дəріптеуге тиіспіз.

Жұлдыз Нұржақып, 9-сынып оқушысы, Тараз қаласы

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...