Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау барысында заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің басым бағыттарының бірі.

Осы міндетті орындау шеңберінде және Н. азаматынан (бұдан әрі – Қызмет алушы) келіп түскен шағым негізінде жағдайды жан-жақты әрі объективті қарастыру мақсатында Алматы қаласы Полиция департаментінің Түрксіб ауданы полиция басқармасында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың заңдылығы мен негізділігін тексеру бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Бұл тексеру «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің орындалуына қатысты болды.

Тексеру нәтижесінде қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу толықтай расталды. Осыған байланысты Түрксіб ауданы полиция басқармасына бұзушылықтарды жою және қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсыныс енгізілді.

Қазіргі уақытта Н.азаматының  құқықтары толық қалпына келтіріліп, уақытша тұруға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Алматы қаласы бойынша 

Қазақстан Республикасы 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің 

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының 

бас маманы Н.Қ. Аринова

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...