12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің құқықтық жағдайы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына қойған міндеттерінің бірі гендерлік теңдікті нығайту және әйелдердің еңбегін қорғау, олардың мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды біртіндеп әзірлеу болып табылады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке ашық және бәсекелестік режимде кіру мүмкіндігін пайдалана отырып, әйелдер қауымы өзіне деген сенімділікті арттыру және өз әлеуетін толық іске асыру үшін мемлекеттік органдарда белсенді жұмыс істеуде.

Яғни, әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында да, белсенділік танытып, ер азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Мәселен, Алматы қаласындағы  мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі – 53,5%  құрайды, яғни 3464 мемлекеттік қызметшілердің ішінде 1855-і нәзік жандылар болып табылады. Олардың көпшілігі «Б» корпусында қызмет атқарады және соңғы 5 жылда мемлекеттік қызметтегі әйелдер қауымының үлесі тұрақты болып келеді.

Айта кетерлік жайт, мемлекеттік қызметтегі әйелдер отбасылық міндеттермен қатар, көбіне ер-азаматтардың салалары болып табылатын коммуналдық, абаттандыру, инженерлік бағыттар бойынша және полиция саласындағы мемлекеттік әкімшілік қызметті де атқаруда.

Елімізде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікке жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсанында «Ерлер мен әйелдірдің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» арнайы Заңы қабылданған.

Аталған Заңда көрсетілгендей,  мемлекеттік органдардың басшылары ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 бұйрығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдамада мемлекеттік гендерлік саясаттың мақсаты – ерлер мен әйелдердің қоғамның барлық салаларында тепе-теңдік құқықтарға, жеңілдіктерге, міндеттер мен мүмкіндіктерге қолжеткізуі, гендерлік кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін еңсеру.

Алайда, мемлекеттік қызметтегі әйел мәртебесінің биіктігі ең алдымен әйелдердің құрметтелуінен, екіншіден құқықтық жағдайын жақсарту және оның қорғалуынан танылады.

Осы шараларды жүзеге асыру мақсатында, 2023 жылы Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытына мониторинг жүргізу үшін нормативтік құқықтық база толығымен реттеліп, балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін ерекше өзекті болып табылатын қашықтықтан және икемді жұмыс уақыты режимінде қызмет атқару қағидалары бекітілді.

Осы күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардағы әйелдер арасындағы ротация мәселесіде реттелуде.

Атап айтқанда, басқа елді мекенге ауысуға жататын қызметкер жүкті әйелдер, көп балалы немесе жалғызбасты ана, сондай-ақ мүгедек баланы тәрбиелеп отырған әйел санатына жатса, ротация тек әйелдің келісімімен ғана мүмкін болады.

Осыған орай, кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудағы әйелдің рөлін, мемлекеттік қызметте ілгерілету кезіндегі тең жағдай жасау мен мемлекеттік қызметші әйелдерге арналған әлеуметтік кепілдіктер өзекті мәселелердің қатарында болмақ.

Азбаева Жупархан Сулеймановна

ҚазақстанРеспубликасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің

мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы

ЖАНАКОРГАНЦЫ ПРИНИМАЮТ АКТИВНОЕ УЧАСТИЕ В НЕДЕЛЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»

Жители Жанакорганского района приняли активное участие в неделе «Жасыл...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Өңірімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан»...

«Құқықтық тәртіп» түсіндірме жұмыстар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында Түрксіб ст.ЖПб-нің қызметкерлері Түрксіб...

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...