Мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы тиіс. Мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге, өзінің қызметтік міндеттерін адал, сапалы атқаруы тиіс. Өз тәртібімен әріптестеріне үлгі болу керек, іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмау, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілерін болдырмау, процессуалдық емес қарым-қатынастарға және арандатушылыққа жол бермеу, қызметті адал атқару, абыройлы болу, жұмыс уақытын тиімді пайдаланып күнделікті еңбек тәртібін сақтау қажет.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті — халыққа адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық — әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы тиіс. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы қажет.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс. Мемлекеттік қызметшілер жасаған теріс қылықтары мен құқық бұзушылықтары үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделгенің ескерген жөн.
Ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық ахуалды, қалыпты жұмыс тәртібін қалыптастыру мемлекеттік қызметшілерге жүктелген міндет. Сол себепті, еңбек тәртібін сақтау, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық жағдайдың қалыптасуына әрбір қызметші өз үлесін қосу қажет.
Сондықтан, барлық мемлекеттік қызметкерлер Әдеп нормаларын қатаң сақтауы тиіс.
Маңғыстау облыстық сотының құжат айналымы бөлімінің басшысы А.Караджаева