Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағыталған Қадамдық жоспар аясында семинар өткізілді

Тұран универститетінің базасында мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағыталған Қадамдық жоспар аясында семинар өткізілді.

           Алматы қаласы бойынша департаменті «Тәлімгерлер кеңесі» Консультативтік кеңесінің мүшелерімен Алматы қаласының мемлекеттік органдарының қызметшілеріне семинар ұйымдастырды.

          Семинарға Департамент басшысының орынбасары Н.Сейдалиев, Кеңес мүшелері Б.Камалов, Б.Джапаров және Алматы қаласының мемлекеттік органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдер және кадр қызметкерлері қатысты.

           Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мәселелері туралы айтып өтті. Аталған семинарда жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланып, пікірлер бөлісті.

          Әдеп жөніндегі уәкілдерге және кадр қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылуын алдын алу мақсатында, тиісті түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу қажеттілігі туралы жеткізілді.

          Сонымен қатар лудомания мәселесіне көніл аударылып, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан алшақ болу қажеттілігі түсіндірілді.

          Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Д. Олжабаев

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...