12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметшілердің және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін өз өкілеттігі шегінде қорғау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі-Департамент) мемлекеттік қызметшілердің және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін өз өкілеттігі шегінде қорғау мақсатында жұмыс жасайды. Консультациялар береді.

           Жақында, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісінен шағым келіп түсті.

           Шағымда мемлекеттік қызметші өзінің құқықтары бұзылғандығын және оған қатысты сот әкімшілігімен жүргізілген тексерістің заңға қайшы жүргізілгендігін баяндайды.

           Департаментпен келіп түскен шағым бойынша заң аясында жоспардан тыс тексеріс ашып, мән-жайды анықтау мақсатында, аталмыш мемлекеттік органға барып тексеру жұмыстарын жүргіздік.

           Тексеріс барысында, мемлекеттік қызметшіге қатысты мемлекеттік органда жүргізілген тексерістің процедуралық нормалары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы» қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар) талаптары мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңының нормалары бұзылғандығы анықталды.

Қағидалардың 62-тармағына сәйкес, Комиссия өз отырысында қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарайды және тәртіптік терiс қылыққа қатысты фактілерді зерттейдi, өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң және тергеп-тексеруді жүргiзген персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не уәкiлеттi лауазымды адамдар өкілдерінің түсiнiктемелерiн тыңдайды. Комиссияның куәларды тыңдауға және терiс қылыққа қатысы бар кез келген фактілерді зерттеуге де құқығы бар.

Алайда, тәртіптік комиссия отырысының  аудио-бейне  жазбасын көргенімізде, комиссия төрағасы біржақты өзі сөз сөйлеп, іс материалдарымен өзі таныстырғандығы байқалып тұр. Тергеп-тексеруді жүргiзген персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не уәкiлеттi лауазымды адамдар өкілдері тыңдалмаған.

Қағидалардың 66-тармағына сәйкес, бұл іс-әрекеттiң (әрекетсіздіктің) теріс қылық болып табылатынын-табылмайтынын және ол Қазақстан Республикасының қандай заңнамасы нормаларын бұза отырып жасалғанын,-шешеді.

Алайда, тәртіптік комиссиямен аталмыш нормалар көрсетілмегендігі анықталды.

           Жоғарыдағы айтылғандарды негізге ала отырып, тексеріс нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, оған қатысты тағылған тәртіптік жаза алына отырып, заң нормаларын бұзған тиісті лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

           Бұл тек бір мысал ғана. Осы іспеттес жағдайлар мемлекеттік орган басшысы тарапынан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан, қызметтік әдеп нормаларын сақтамау, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларына сәйкес, талаптарды бұзу фактілері өкінішке қарай көптеп кездесіп жатады.

           Осы және өзге де жағдайлар мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алмас үшін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының ағымдағы жылдағы бұйрығымен бекітілген  «Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын қалыптастыру бойынша  қадамдық жоспары құрылған болатын.

           Аталмыш жоспар аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде және аумақтық департаменттер мен жергілікті атқарушы органдармен  тығыз байланыс орната отырып, бірлескен шаралар қабылдануда.

           Қадамдық жоспар-мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби дағдыларды, қызметтік әдеп стандарттарын дамытуға және қоғамға қызмет ету мақтанышын қалыптастыруға ықпал ететін ақпарат беру арқылы мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған өзара байланысты бес қасиеттердің жиынтығы болып табылады.

1). Құқық білгірі;

2).Өз ісінің шебері;

3). Мінез-құлық үлгісі;

4).Халықтың қызметшісі;

5). Көшбасшы.

           Осы бес қасиет мемлекеттік қызметшінің саналы тұрғыдан жаңғыруына ықпал етіп, өз жұмысының зияткерлік, кәсіби және әдептілік аспектілерінің үйлесімді коллаборациясына бағытталған, олардың ұстанымдары мен құндылықтарын, қоғамның сұранысына жауап бере алатын мақсатты дағдыларын жүйелеуге қатысты қадамдық жоспарды қалыптастырады.

           Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.

           Сондай-ақ Алматы қаласы әкімі аппаратында дербес Әдеп жөніндегі уәкіл жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға косультациялық кеңес бере отырып, заңды мүдделері мен құқықтарын қалпына келтіру мақсатында жұмыстар атқаратындығын назарға саламыз.

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бақылау басқармасының бас маманы
Қошатаев Сәбит Рысбекұлы

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...