12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызмет

 Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру және нығайту болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі  – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы күшіне енді.

Аталған заңға сәйкес, мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі құзыреттілік пен конкурстық іріктеуге негізделген мансаптық модельге көшті. Яғни, мемлекеттік қызметке бару төменгі лауазымдардан басталып, біртіндеп мансаптық жылжу арқылы жүзеге асырылады.
Басты ерекшелік — мемлекеттік қызметтің жаңа мансаптық моделі мемлекеттік орган қызметкерлері арасында жоғарғы бос лауазымға тек ішкі конкурспен, ал төменгі лауазымдарға тек жалпы конкурс арқылы ғана тағайындалады.

Мемлекеттік қызметке кіру үшін бірнеше іріктеу сатыларынан өту қажет. «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту,
уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату,  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурстен тұратын іріктеу кезеңдерінен өтеді.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкерлер үшін нәтижелілік бойынша еңбекақы жүйесі енгізіледі, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу мемлекеттік қызметшілер орындайтын жұмыстың сипатына, көлеміне және нәтижелеріне байланысты сараланып белгіленеді.

Қорыта келгенде, заңдағы өзгерістер мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін арт­тырып, оларға қойылатын талап күшейтті. Мемлекеттік қызметші тек білімді ғана емес, жоғары моральдық жауапкершілігі және өз ісіне деген әділ, адал болуы қажет.

Қызылорда облысының

мамандандырылған

ауданаралық экономикалық

сотының жетекші маманы Е.И.Сағындық

№64 мекемеде ашық есік күні

Міне, барлығы асыға күтетін көптен күткен сәт, № 64...

Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

Рухани даму-бұл тәрбие процесінің маңызды бөлігі, оның мәні бас...

С профессиональным праздником поздравили районную редакцию сотрудники акмолинской УИС

Коллектив атбасарской районной газеты "Простор" и учреждение √ 1...

Профилактикалық оңалту іс-шаралары

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни...

ЦВЕТЫ ДЛЯСЕМЬИ

В целях популяризации культуры чтения и стремления к знаниям,...