Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бекітілген болатын.
Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.
Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.
Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейді.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары қандай болуы керектігін айқындап береді.
Осы арқылы мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылады. Ол жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деген бес бөлімнен тұрады.» деп көрсетілген.
Мемлекеттік қызметішлердің әдеп стандарттарының сақтамаудын алдын алу – ол мемлекеттік қызметшілермен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып отыру болып табылады.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметте Әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілген болатын.
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Бүгін, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н. Узбеханов жәнеАлматы қаласы әкімдігінің әдеп жөніңдегі уәкілі М. Ахетовпен Жетісу әкімдігі қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кезедесу барысында, мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызмет саласыңдағы заңнама талаптарын, әдеп кодексін қатаң сақтау, оның ішінде лудомания мәселелері, жұмыс режимін сақтау және тағы да басқа мәселелер бойынша түсіндірме берілді.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.
Н. Узбеханов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы