Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өткізілді.
Ондағы мақсат – тәлімгерлер институтын нығайту, алдыңғы толқынның кейінгі жас буынға тәжірибелік тәлім-тәрбие беруін қалыптастыру.
Жиында Департамент басшысы Әлімхан Шынарай Әлімханқызы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел дамуындағы мемлекеттік қызметшілердің айырықша беделі мен оң имиджін қалыптастыру бағытындағы жүктеген басым бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, жуырда Ұлттық құрылтай кеңесінде көтерілген «Адал адам – адал еңбек — адал табыс» идеясының құндылықтарына сай мемлекеттік қызметшінің жақсы қасиетке, саналы мәдениетке, биік парасатқа ие болуы үшін қарапайым қағидаларды қатаң сақтауы қажеттілігі туралы айтты. Сонымен қатар, жиында сөз алған тәжірибелі тәлімгерлер де мемлекеттік қызметке жаңадан келген жас толқынға бағыт-бағдар сілтеп, адал, әділ еңбек ету жайындағы өз ойларын ортаға салды.
Жиын барысында Департамент басшысы ұзақ жылдардан бері ел дамуына, мемлекет қалыптасуына қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, сый-сыяпат көрсетті, Алғыс хаттар табыстады.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Жанар Арынқызы Құлбаева

«Заң және тәртіп», инклюзия және сайлауды цифрландыру: партиялар қандай тақырыптарды талқылады

Демалыс күндері партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып,...

«Закон и порядок», инклюзия и цифровизация выборов: какие темы обсуждали партии

В выходные партии продолжили встречи с жителями и трудовыми...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди осуждённых прошёл айтыс

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди...

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...