12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік марапаттау

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Алматы облысының да бірқатар азаматтары  мемлекеттік наградаларға ие болды. Ал кеше Елордада мемлекеттік награда берілген бір топ қайраткердің қатарында облысымыздың алты азаматы марапатталған болатын, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  —  Халқымыз қашанда береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа баса мән берген. Ел ішінде бейбіт күнде еңбегімен, қиын сәтте ерлігімен көзге түскен жандар аз емес. Сіздердің әрқайсыларыңыз ынтымақ пен бірлік құндылықтарына адал тұлғасыздар.  Өздеріңіздің еңбектеріңізбен, көмек қолын созуға деген шынайы ниеттеріңізбен барша жерлестерімізге үлгі-өнеге көрсетіп жүрсіздер. Қасіретті қаңтардағы  дүрбелеңде елді сабырлылыққа шақыруды перзенттік парыз санадыңыздар. Қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша барлық жағынан көмек берілді. Біз азаматтарымыздың орнын ешнәрсемен толтыра алмасымыз анық. Көңілге жұбаныш – артта қалған ұрпағы, солардың қуанышы. Мұндай қасірет елімізде ешқашан болмасын! – деді өз сөзінде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Осы жиында облыс әкімі І-дәрежелі «Айбын» орденімен ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара Қызметі Алматы облысы департаментінің бастығы Әлібек Каюповты, «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Нағима Сейітбаталованы, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Сарыбайды, облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің қазақ күресінен аға жаттықтырушы Тимур Абыхановты, «Шапағат» медалімен «Баракат жақсылыққа жол» ұйымының жетекшісі Әсем Нұртуғанды марапаттады.

Атап өтсек, кеше ел Президентінің қолынан Алматы облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін, облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов «Отан» орденін алған болатын.

Өз тілшіміз.

Алматы облысы.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...