Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Жаныбек Нұржанов Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі бұйрығы бойынша Жаныбек Нұржанов Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ұжымға оны Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Әли Алтынбаев таныстырды», — делінген хабарламада.

Нұржанов Жаныбек Мәулітбекұлы еңбек жолын 1989 жылдан бастап, Өскемен қаласы бойынша Салық инспекциясының жеке кәсіпкерлік қызметтерге салық салу бөлімінің салық инспекторы, аға, жетекші салық инспекторы, Мемлекеттік кірістер министрлігі Өндірістік емес төлемдер департаментінің бас маманы, Астана қаласының Алматы ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Ақтөбе қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Қостанай қаласы бойынша Салық басқармасының басшысы, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.

2019 жылғы маусымнан бастап — Салық әдіснамасы департаментінің директоры, 2020 жылғы  мамырдан бастап — ҚР ҚМ Мемлекетік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаментінің директоры.

2021 жылғы қаңтардан бастап Павлодар облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...