12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДЫ КӨТЕРУ МӘСЕЛЕНІ ШЕШЕ МЕ?

Жақында өткен Қазақстан судьяларының VIII съезінде соттардағы баж салығын көтеру туралы ұсыныс айтылды. Ұсыныстың мақсаты – даукестікті азайту, ұсақ-түйек дауды сотқа жеткізбей шешуге ықпал ету. «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған бәлеге жолығар», – деп хәкім Абай айтпақшы, ағайын, отбасы айналасындағы дауларды бітіммен шешудің пайдасы зор. Бірақ бұл ұсыныс қаншалықты өзін-өзі ақтай алады?
Азаматтық процестік кодексінің 103- бабы, төлеу тәртібі және мемлекеттік баждың сомасы, сондай-ақ оны төлеуден босату негіздері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексімен (Салық кодексі) айқындалады. Сонымен қатар, өтініш түріне байланысты мемлекеттік баж төлем мөлшері өзгереді. Ал біздің мақалаға мұрындық болған некені бұзу туралы талап арыздардан алынатын баж салығы – 0,3 АЕК көлемінде. 23 қазанда өткен Қазақстан судьяларының VIII съезінде Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов сот жұмысын жақсарту мақсатында материалдық мәселелерді реттеу үшін бірнеше ұсыныс айтты. Соның ішінде, мемлекеттік баж салығын көтеру де бар. «Мықтылардың сот жүйесіне келгісі жоқ. Неге? Себебі, жауапкершілік көп. Ал әлеуметтік жағынан қорғалуымыз мардымсыз. Сол себептен вакансиялар 10 пайыздан асып тұр. Әрбір бесінші аудандық соттың төрағасы жоқ. Лайықтылар конкурсқа қатыспайды, қызығушылық аз. Бұл проблема да қаржыға келіп тіреледі. Сол себепті сот жүйесіне мемлекеттен бөлінетін қаржының көлемі пайыздық деңгейде бекітілуі тиіс деп ойлаймын. Әрине, экономиканың жағдайын жақсы түсінеміз. Меніңше, аталған мәселені бюджетке салмақ түсірмей шешудің тиімді жолы – мемлекеттік бажды көтеру. Мысалы, сот арқылы ажырасудың құны – бар-жоғы 830 теңге. Өзбекстанда бұл сома 25 есе, ал Молдовада 120 есе көп. Баж төмен болғандықтан мыңдаған адам келісімге келмейді. Бірден соттасуды қалайды. Баждың мөлшері тоқсаныншы жылдан бері мүлдем өзгермеген. Істердің 84 пайызы бойынша баж құны 5000 теңгеге де жетпейді. Тіпті, 15-20 теңге тұратын даулар бар. Әрине, айтып отырған ұсынысым әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға қатысты емес. Оларды баждан мемлекетіміз міндетті түрде босату қажет. Осы және басқа да жолдармен қаржыландыруды көбейтсек, сот жүйесіне қатысты біраз мәселе шешімін табар еді», – дейді судья Біржан Кәрібжанов. Шынымен де өзге елде бізге қарағанда баж салығы жоғары ма? Мәселен, баж салығы теңгеге шаққанда – Ресейде 7 мың теңге, Тәжікстанда 8 мың теңге, Өзбекстанда18 мың теңге, Украинада 19 мың теңге. Англияда төменгі сотқа талап етудің ең төменгі алымы – 17 мың теңге, ал Округтік апелляциялық сот – 68 460 теңге болса Жоғарғы сотта – 117 360 теңге екен. Әрине, Қазақстанмен салыстыруға келмейді. Бірақ ұсақ-түйек мәселелердің сотқа келуін азайту мақсатында мемлекеттік баждың соттардағы мөлшерін көбейту мәселені шеше ме?
Таяқтың екі ұшы болатыны секілді, бұл мәселеде де пікір екі түрлі. Біріншісі, «ірі компаниялар баж көп болғандықтан, сотқа талап түсіре алмай отыр, сот төрелігі адамдарға қолжетімді емес» дейді. Екіншісі, ұсақ-түйек дауға дейін сот арқылы шешуге ұмтылып, талап арыз беретіндер қатары күн санап артуда. Оларды өзара келісіммен, бітіммен шешуге іс-әрекет жасау керек, дейді. Шындығында, елімізде қаралатын істердің 80 пайызы азаматтық даулар екен. Ондағы мемлекеттік баждың құны 5 мың теңгеден аспайды. Көбісі мемлекеттік баж өте төмен болғандықтан, татуласудың, келісудің жолын іздемей, бірден сотқа жүгінеді екен. Себебі бітімге келу – қымбат. Бұл жерде бітім деп тұрғанымыз – медиация. Мемлекетіміз азаматтардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, дауды шешудің баламалы тәсілдерін заңнамалық деңгейде бекіткен еді. Осылайша, 2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» заң қабылданды. Заңның қолданыста жүргеніне 10 жылға жуық уақыт болды. Бірақ
қоғам медиацияға жүгінбейді. Өйткені оларға төлемі жоғары медиаторға барған тиімді емес. Тиісінше 800 теңге төлеп,тікелей сотқа барғанды жөн көреді. Ал дамыған елдерде керісінше медиацияға көп жүгінеді екен. Мәселен АҚШ-та 70-90% даулы мәселелер сотқа дейін шешімін табады. Әрине, медиация терең қаузауды талап ететін бөлек тақырып. Дегенмен мемлекеттік баж төлеп, сот шығынын өтеп, заңгер жалдап, ұзаққа созылуы мүмкін бірнеше сот отырысын күтіп, апелляция, тіпті кассация шешімі көңіліңізден шықпай, өзіңізге материалдық шығын мен моральдық зиян тигізгенше,
дауларды сотсыз, бітіммен аяқтаған да дұрыс шығар.
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Жаңа цифрлық даму министрі туралы не белгілі?

Жаслан Мәдиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

Қазақстанда жеке куәлік өзгереді: құжаттарды жаңарту қажет пе?

Ішкі істер министрлігі жеке куәлік дизайнының өзгеруіне қатысты түсініктеме берді. Атап айтқанда, қазақстандықтар құжатты ауыстыруы керек пе деген сұраққа жауап берді.

Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болуы мүмкін.

Президент мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты.