Мемлекеттiк баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодекстің 607-бабына сәйкес уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар. Оның ішінде құжаттарды берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшiн алынатын бюджет түсіндіруді қажет етеді.
Салық кодексінің 608-бабына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға заңдық мәнi бар әрекеттер жасау жөнiнде өтiнiш жасайтын тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер. Сотқа жүгінген кезде Салық кодексінің 609-бабы 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес: — сотқа берiлетiн әкімшілік талап қоюлардан, талап арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан сот бұйрығын шығару туралы, атқару парағының телнұсқасын беру туралы, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхаттардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж төлеуден босату заңның тікелей көрсетілуіне байланысты ғана мүмкін болады. Салық кодексінің 616-бабы соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылуға жататын тұлғалардың толық тізбесін қамтиды. Тұлға мүліктік жағдайы бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатыла алмайды. Мемлекеттік бажды төлеуге арналған төлем түбіртек түпнұсқада ұсынылуға тиіс екенін атап өту қажет. Өтінішті электрондық түрде берген кезде, төлем құжатының көшірмесін ұсынуға болады, бірақ кейіннен түпнұсқасын беру керек. Мемлекеттік бажды төлемеу, түбіртектің төлем тапсырмасының, чектің және мемлекеттік баждың төленгенін растайтын басқа да қағаз немесе электрондық құжаттардың болмауы өтінішті қабылдаудан бас тартуға, демек, оны қараудан бас тартуға негіз болып саналады. Егер осы кодексте өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік баждың тіркелген пайыздық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік бажды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып есептеледі. Салық кодексінің 610-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес сот шешiмдерiнің, үкiмдерiнің, ұйғарымдарының, соттардың өзге де қаулыларының көшiрмелерiн, сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалардың өтiнiмi бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан әрбiр құжат үшiн 0,1 АЕК, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 0,03 АЕК құрайды. 2024 жылы АЕК 3692 теңге сомасында белгіленді.
Марем АЛБАКОВА, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы


