12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік баж — әкімшілік талап қоюдың міндетті атрибуты

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша әкімшілік істерді қарайтынын білесіздер.

Әкімшілік талап қоюлар сотқа дау келтіру, мәжбүрлеу, әрекет жасау және тану түрінде беріледі.

Осы әкімшілік талап қоюлардың сотта мәні бойынша қаралуының негізгі шарттарының бірі — талап қою бойынша бюджетке төленетін мемлекеттік баж төлемінің болуы.

Алайда, жыл басынан түскен талап қоюлардан төленетін мемлекеттік баж мөлшері жөнінде апарат берудің қажеттілігі бар екені көрінеді. Сонымен, әкімшілік талап қоюлар бойынша төленетін мемлекеттік баж мөлшерлері Салық кодексінің 610- бабының 1- тармағының 2), 3), 4) және 8) тармақшаларында белгіленген.

Мемлекеттік баж мөлшері айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі — АЕК) тікелей байланысты.

Ағымдағы 2025 жылға бекітілген 1 АЕК мөлшері – 3932 теңге.

Таратып айтсақ, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жеке тұлғалардың әкімшілік талап қоюлары бойынша — 0,3 АЕК, яғни осы санаттағы әр талап қою бойынша 1 179,6 теңге;

  • мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне талап қоюлар бойынша – 5 АЕК, яғни 19 660 теңге; -тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға және (немесе) деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаларға дау айту туралы әкімшілік талап қоюлардан: дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде; заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың АЕК-тен аспайтын мөлшерде; — осы аталған баптың 1 тармағы 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан), әкімшілік талап қоюлардан (мысалы, «Азаматтарға арналған үкімет» МК әрекеттері мен шешімдеріне талап қою) – 0,5 АЕК, яғни 1 966 теңге мөлшерінде төленуге жатады. Назар аударарлық мәселе — Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 104- бабының 14) тармағына сай бірнеше дербес талаптардан тұратын талап қою берілген жағдайда, мемлекеттік баж төлемінің мөлшері барлық талаптардың жалпы сомасымен айқындалады. Сонымен қатар, мемлекеттік баж әкімшілік іс қаралатын сот орналасқан ауданның (қаланың) салық органы арқылы жергілікті бюджетке, 108126 БСК (бюджеттік сыныптама коды) көрсетіле отырып, төленетінін қажет. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 131- бабының сегізінші бөлігі 2) тармақшасына талап қоюға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат не «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген негіздер бойынша мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы өтінішхат қоса тіркелетіні жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
    Қорыта келгенде, әкімшілік талап қою бойынша мемлекеттік бажды заңда көрсетілген тәртіпте және мөлшерде, қатесіз төлеу және төлем құжатын талап қоюға қоса тіркеу маңызды, себебі ол сотта талап қоюдың мәні бойынша қаралуының міндетті атрибуты және шарты болып табылады.

Шымкент қаласының МАӘС судьясы Умбетова Т.

В День обновления в области Абай осужденные посадили 100 саженцев

В день старта общенациональной акции по посадке деревьев на...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!

Сыбайлас жемқорлық-бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және...

Жаңару күні аталып өтті

Ағымдағы жылдың 14-24 наурыз аралығы Наурызнама онкүндігі деп жариялануына...

«№84 Бөбекжай-балабақшасы» ұлттық мерекеге орай салт дәстүр рәсімдерін өткізді

Адам бойындағы бар игі қасиет балабақша қабырғасынан басталады. Сондықтан...