Мемлекеттік бағдарлама арқылы алынған үйді жалға беруге бола ма?

Мемлекеттік ипотекалық бағдарлама арқылы алынған үйді жалға беру қаншалық заңды? Бұл сұраққа Massaget.kz тілшісіне адвокат Альбина Бақтиярқызы жауап берді. 

Адвокаттың сөзінше, мұндай үйді жалға беру заңға қайшы.

«Кейінгі кездері көп адам үйді «7-20-25», «Нұрлы жер» секілді әртүрлі ипотекалық бағдарлама арқылы алады. Ал мұндай бағдарламаларда ай сайынғы төлем төмен. Осындай жағдайды пайдаланып, үйді жалға беріп, пайдаға айналдырып жүрген адам көп. Бірақ егер жауапты органдар тексеріс жүргізетін болса, бұл заңға қайшы әрекет ретінде танылады. Өйткені мемлекеттік ипотекалық бағдарлама арқылы алынған үйді жалға беруге мүлдем болмайды. Бұған қатысты Қазақстан Республикасының заңында арнайы бап бойынша заңды жауапкершілік қарастырылған», — деді маман.

Сондай-ақ адвокат заңсыз әрекет етіп жүргендерге тексерісті кім жүргізетінін айтты.

«Қазақстанда азаматтардың мұндай заңсыз әрекетін Отбасы банк немесе Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы немесе жергілікті әкімдіктегі арнайы бөлім тексеруге құқылы», — деді ол.

Қандай жаза қарастырылған?

Мемлекеттік бағдарлама арқылы ипотекаға алынған үйдің жалға берілгені анықталса, заңбұзушыға айыппұл салынуы және мүлкінен айырылу қаупі төнеді.

«Жауапты мекеме тексеріс барысында ипотекаға алынған мүлікті қайтарып алып, шартты бұзуы мүмкін. Сондай-ақ айыппұл салынады, бұған қоса үй жалға берілгені үшін салық төленбеген болса, азаматтың құжаты Салық басқармасына беріледі. Олар да тексеріп, айыппұл салуы әбден ықтимал. Яғни бір сөзбен айтқанда, ипотекалық бағдарламаға өзіңіз үшін алынған мүлікті тек өзіңіз қолдана аласыз», — деп түсіндірді Альбина Бақтиярқызы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.