Мемлекеттік аукциондарда сатып алынған көлік құралдарын тіркеу және сотқа дейінгі шағымдану тәртібін сақтау туралы

Тәжірибеде мемлекеттік аукциондарда тәркіленген көлік құралдарын сатып алған азаматтардың бұрын салынған тыйымдар мен өзге де шектеулердің болуына байланысты оларды ішкі істер органдарында тіркеу кезінде қиындықтарға тап болатын жағдайлары кездеседі.

Осыған байланысты мұндай көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға сотқа дейінгі шағымданудың заңнамада белгіленген тәртібін түсіндіру қажет.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларының» 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, белгіленген тәртіппен өткізілген көлік құралдары мемлекеттік тіркеуге жатады.

Сонымен қатар, аталған Қағидаларға 2-қосымшада көзделген «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжаттардың бірі ретінде көлік құралын аукционда сатып алғанын растайтын құжат көзделген.

Осылайша, көлік құралын мемлекеттік аукционда сатып алу заңнамада белгіленген талаптар сақталған жағдайда оны кейіннен мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылады.

Сонымен бірге тәжірибеде мұндай көлік құралдарын тіркеу бұрын салынған, оның ішінде қылмыстық істер шеңберінде қолданылған тыйымдардың болуына байланысты қиындауы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 163-бабының 13-бөлігіне сәйкес, мүлікке тыйым салу қажеттілігі жойылған кезде оның күші жойылады.

Демек, егер көлік құралына тыйым салу тек оны ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында қолданылып, ал соттың тәркілеу туралы үкімі орындалған болса, тыйымды сақтаудың өзге де заңды негіздері болмаған жағдайда, тиісті шектеудің күші уәкілетті органмен заңнамада белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.

Бұл ретте көлік құралын аукционда сатып алу фактісінің өзі бұрын салынған барлық тыйымдардың автоматты түрде күшін жоюға әкеп соқпайтынын ескеру қажет.

Көлік құралын мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сотқа дейінгі шағымданудың міндетті тәртібін сақтау ерекше маңызға ие.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 81-тармағында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі көзделген.

Көлік құралын тіркеуден бас тартылған жағдайда азамат белгіленген тәртіппен шағым беруге құқылы. Егер көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің талаптарын өз бетінше қанағаттандырмаса, шағым жоғары тұрған әкімшілік органның қарауына жолданады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-бөлігіне сәйкес, егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

Осылайша, мемлекеттік аукциондарда тәркіленген автокөліктерді сатып алып, оларды тіркеуден бас тарту туралы шешім алған азаматтар әкімшілік сотқа жүгінгенге дейін заңнамада белгіленген сотқа дейінгі шағымдану тәртібін сақтауға міндетті.

Шағымға автокөліктің аукционда сатып алынғанын растайтын құжаттарды, сатып алу-сату шартын, болған жағдайда тәркілеу туралы құжаттарды, сондай-ақ тіркеуші органның жазбаша бас тартуын қоса тіркеген жөн.

Сонымен қатар, бұрын салынған тыйымның негіздерін анықтап, оның күшін жою мәселесін шешу үшін тиісті құзыретті органға жүгіну қажет.

Сотқа дейінгі шағымдану нәтижелерімен келіспеген жағдайда азамат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құқықтарын сот арқылы қорғауға құқылы.

Бұл ретте заңда көзделген ерекшеліктер болмаған жағдайда, сотқа дейінгі шағымданудың міндетті тәртібін сақтамау әкімшілік талап қоюды қайтаруға негіз болуы мүмкін.

Қорытындылай келе, заңнамада аукциондарда сатып алынған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі, сондай-ақ бұрын салынған тыйымдардың күшін жоюдың және сатып алушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктері көзделген. Аталған құқықтарды іске асыру тиісті әкімшілік және процестік рәсімдерді сақтауды талап етеді.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы  С. Кусембаева

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...