Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды институттардың бірі. Мемлекеттік қызметшінің кәсіби білім мен біліктілігі ғана емес, оның мінез-құлқы, мәдениеті, азаматтармен қарым-қатынасы және қызметтік әдебі де мемлекеттік органның беделіне тікелей әсер етеді. Сондықтан мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру-әрбір мемлекеттік қызметшінің ортақ міндеті. 

Мемлекеттік қызметтің имиджі ең алдымен халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі арқылы қалыптасады. Азамат мемлекеттік органға жүгінген кезде оның мәселесінің қаншалықты сапалы әрі уақытылы шешілгеніне ғана емес, өзін қалай қабылдағанына, қызметшінің қарым-қатынасына және әдеп нормаларын сақтауына да мән береді. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік қызметші-мемлекеттік биліктің қоғам алдындағы бейнесін қалыптастыратын тұлға. 

Мемлекеттік қызметшінің басты қағидаларының бірі-адалдық пен жауапкершілік. Қызметтік міндеттерді сапалы орындау, заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу мемлекеттік қызметтің беделін арттырады. Әсіресе сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбау және мүдделер қақтығысына жол бермеу-мемлекеттік қызметшінің кәсіби мәдениетінің маңызды көрсеткіштері. 

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның күнделікті жұмысындағы қарапайым әрекеттерден де көрінеді. Азаматтарды сыпайы қарсы алу, мұқият тыңдау, нақты әрі түсінікті жауап беру, дауыс көтермеу, дөрекілік танытпау-қызметтік әдептің негізгі талаптарының бірі. Қызметші қандай жағдайдада сабырлық танытып, азаматтың әлеуметтік жағдайына, лауазымына немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан барлығына бірдей құрметпен қарауы тиіс.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің имджіне әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістіктің де ықпалы зор. Мемлекеттік қызметші қызметтен тыс уақытта өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін ескерген жөн. Әлеуметтік желілерде жариланатын ақпараттың мазмұны, пікір білдіру мәдениеті және қызметтік мәртебеге сай мінез-құлық мемлекеттік органның беледіне әсер етуі мүмкін. Мемлекеттік қызметтің беделі мен имиджі кәсіби біліктілікпен қатар, әдептілік, адалдық, ашықтық, жауапкершілік және азаматтарға деген құрмет арқылы қалыптасады. Мемлекеттік қызметші өз қызметімен халықтың сенімін арттырып, мемлекеттік қызметтің жоғары мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуы қажет. Себебі мемлекеттік қызметтің абыройы-оны атқаратын әрбір қызметшінің ісі мен мінез-құлқынан көрінеді.

Қызылорда облысының 

Әділет департаменінің 

Әкімшілік бөлімінің бас маманы                                    Г.Джурабекова

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...