Мемлекеттік қызметшінің әдебі

            Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде көзделген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға міндетті. Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерінің бірі-қызметтік әдепті сақтау болып табылады.

       Мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.

       Қызметтік әдеп – жүйенің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды қағидалардың бірі.

       Сот жүйесі қоғам сеніміне тікелей әсер ететін құрылым болғандықтан, сот әкімшілігі қызметкерлерінің мінез-құлқы мен кәсіби қарым-қатынасына қойылатын талаптар жоғары.

       Сот әкімшісінің басшысы ретінде қызметтік әдепті сақтау – күнделікті қызметтің ажырамас бөлігі деп есептеймін.

       Ұжымдағы тәртіп пен үйлесімді жұмыс өзара сыйластықтан басталады, оның ішінде басшыны құрметтеу – қызметтік мәдениеттің маңызды көрінісі.

       Жалпы, басшыны құрметтеу жеке тұлғаға емес, басқару жүйесіне, қабылданатын шешімдерге және ортақ жауапкершілікке деген құрметті білдіреді.
        Қызметтік субординацияны сақтау да әдептің негізгі талаптарының бірі болып табылады. Әр қызметкер өзінің міндеті мен өкілеттігін нақты түсініп, басшының заңды тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауы тиіс.         

        Субординация сақталған ортада тәртіп орнап, ұжымның жұмыс нәтижесі артады.
       Қызметтік әдеп адалдық, әділдік, сыпайылық, ашықтық және жауапкершілік қағидаларына негізделеді.

      Басшы тарапынан әділ талап пен ашықтық, ал қызметкерлер тарапынан тәртіп пен құрмет болған жағдайда ғана ұжымда сенімді жұмыс ортасы қалыптасады.

      Мұндай орта сот әкімшілігінің беделін арттырып, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтады.

       Қорытындылай келе, қызметтік әдеп – басшы үшін кәсіби міндет қана емес, басқару мәдениетінің көрсеткіші.

      Басшы мен қызметкерлер арасындағы өзара құрмет пен жауапкершілік сот жүйесінің сапалы әрі тиімді қызмет етуінің кепілі болып табылады.
      Тәртіп пен құрметке негізделген ұжым – әділ сот жүйесінің тірегі.

      Қызметтік әдеп – сот әкімшілігіндегі кәсіби мәдениеттің негізі.

Қызылорда облысы,

Жалағаш аудандық сот

Әкімшісінің басшысы А.Қ.Алтынбаев

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...