12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жаңа редакцияда бекітілді. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосары сөзсіз. Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігі айшықталған. Бұдан бөлек,мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс ережелері қызметтік әдеп стандарттарында көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі:
Мінез — құлықтың жалпы стандарттары Мемлекеттік қызмет атқару-қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары белгіленеді.
Қызметтік әдебінің қағидаттары:
Адал ниеттілік: Қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету.
Адалдық: Өз міндеттеріне шынайы көзқарас.
Әділдік: Жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтарр мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субьективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу.
Ашықтық: Жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету.
Сыпайылық: Азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау.
Клиентке бағдарлану: Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықытң сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре – сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары:
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
Жалпы қабылданған моральдық – әдептілік нормаларын ұстануға;
Қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
Қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
Өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке , тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.
Қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары: Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде.Ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге.
Басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға.
Ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға.
Әріптестерінің өз лауазымық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке ) жол бермеуге міндетті.
Атап айтқанда, қоғамдық кеңістіктегі мемлекеттік қызметшілердің азаматтарымен және әріптестерімен қызметтік қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыттағы қызметтік әдебінің стандарттары. Мәселен, мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық- әдептік нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға міндетті. Сонымег бірге, азаматтарымен қарым – қатынаста әдептілік танытуы, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп міне-құлық фактілеріне жол бермеуі, өздерінің әрекеттерімен және мінез- құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс.
Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сандарлы ынтымақтастықты орнатуға және оны нығайтуға ықпал етеді.

Орал қаласының № 2 соты
Әкімшісінің жетекші маманы
Дана Дәулетиярова

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Руслан Қошқарбаев: «Туризм – Қазақстанды әлемге танытатын ұлттық бренд болуы тиіс»

Руслан Қалдыбайұлы Қошқарбаев, халықаралық гид-нұсқаушы, виза сарапшысы, кәсіпкер – Руслан...

Инклюзия и тифлопедагогика

В НАЦИОНАЛЬНОМ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОМ ЦЕНТРЕ РАЗВИТИЯ СПЕЦИАЛЬНОГО И ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ...

О благонадежности в предпринимательской деятельности

В настоящее время каждый предприниматель сталкивается с вопросом проверки...

Аспекты таможенной экспертизы

В этом году исполнилось 30 лет Конституции Казахстана. Напомним,...