Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – тұрақты бақылауда

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және олар бұзылған жағдайда қалпына келтіру Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі болып саналады. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар мемлекеттік аппараттың тиімді қызмет етуіне және қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің еңбекті және денсаулықты қорғауға, қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ,  әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қорғалуға толық құқығы бар. Осы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Департамент тарапынан жүйелі түрде талдау және бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Атап айтқанда, 2025 жылы мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығу мәселесіне кешенді талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Соның ішінде еңбек демалысына байланысты төлемдердің уақытында берілмеу фактілері тіркеліп, 146 мемлекеттік қызметшінің   бұзылған құқықтары толық көлемде   қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тарту мәселесі де Департаменттің ерекше бақылауында. Жұмыс уақыты режиміне жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 2025 жылдың
 12 айында 180 мемлекеттік қызметшінің үстеме жұмысқа тартылғаны анықталып, заңнама талаптарына сәйкес оларға тиісті тынығу сағаттары берілді.

Бұдан бөлек, тәртіптік жазаларды қолдану тәртібінің бұзылуына қатысты деректер де анықталды.Нәтижесінде жүргізілген  бақылаудың қорытындысы бойынша 4 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, профилактикалық іс-шаралар мен жоспардан тыс бақылаулар жүргізу барысында 10 азаматтың және 5 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары  қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болып, заңдылықты қамтамасыз ету және алдын алу шаралары жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.

ҚР Мемлекеттік  қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік  қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, К.Акбаров

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...