Мемлекеттік қызметшілер «Қан тапсырып — өмір сыйла» акциясына қатысты

Алматы қаласында игі дәстүрге айналған донорлық акция өтті. Бұл жолы қан тапсыру шарасын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қызметкерлері оның Әдеп жөніндегі уәкілдің бастамасымен ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық мемлекеттік органдардың қызметкерлері «Еріктілер кеңесінің» мүшелері белсенді түрде қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты — қоғамда ерікпен донор болудың маңыздылығын насихаттау, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға үндеу және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.

— «Қан — өмір көзі. Әр тамшы қан біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Мемлекеттік қызметшілер қоғамға қызмет етумен қатар, осындай игі істер арқылы да үлгі бола алады», — деді акцияны ұйымдастырған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшының м.а. Нұржан Узбеханов.

Шара барысында қатысушылар арнайы медициналық тексеруден өтіп, Алматы қалалық қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды. Қатысушылар арасында алғаш рет донор болғандар да, бұған дейін бірнеше мәрте қан тапсырып жүрген тұрақты донорлар да болды.

Еріктілер кеңесінің мүшелері акцияға қолдау көрсетіп, қан тапсырғандарды ұйымдастырушылық жағынан қолдап, қоғамдағы донорлық мәдениетті дамытуда өз үлестерін қосты. Олар жастар арасында да мұндай игі істердің кең таралуына себепкер болуға ниетті екендерін жеткізді.

Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, олардың осындай азаматтық жауапкершілік танытқаны ерекше атап өтілді.

Мұндай акциялар тек қан қорын толықтырып қана қоймай, қоғамдағы адамгершілік пен мейірімділік құндылықтарын нығайтуға үлкен үлес қосады. Мемлекеттік қызметшілердің белсенділігі мен еріктілердің қолдауы арқылы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынына сенім мол.

Автор: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Д. Жубаназарова 

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...