Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің атынан қызмет атқарып, халықтың игілігі үшін еңбек ететін азамат. Оның басты міндеті – заң талаптарын сақтай отырып, қоғамға сапалы қызмет көрсету және мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайту.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметшінің рөлі ерекше. Ол азаматтардың өтініштерін қарап, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосады. Сондықтан мемлекеттік қызметші жоғары кәсібилікке, жауапкершілікке және адалдыққа ие болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшінің негізгі қағидаттары – заңдылық, әділдік, ашықтық және әдептілік. Ол өз қызметін атқару барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, халықтың сенімін ақтауға міндетті.
Елдің дамуы мен қоғамның тұрақтылығы мемлекеттік қызметтің сапасына тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру және олардың жауапкершілігін күшейту маңызды міндет болып табылады.
Қорытындылай келе, мемлекеттік қызметші – халыққа адал қызмет ететін, мемлекеттің дамуына үлес қосатын маңызды тұлға. Оның еңбегі қоғамның әл-ауқатын жақсартуға және елдің болашағын нығайтуға бағытталған.
Орал қаласының №2 сотының
Жетекші маманы
Жасұлан Ж.Т.


