Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімнің негізі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі жоғары әдептілік, адалдық және жауапкершілік қағидаттарына негізделуі тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі маңызды рөл атқарады. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқын реттейтін негізгі құжат болып табылады. Ол қызмет барысында ғана емес, қызметтен тыс уақытта да қымзетшінің қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындайды. Кодекс талаптарын сақтау – әрбір мемлекеттік қызметішінің басты міндеті. 

Әдеп кодексінің талаптарын қатамасыз ету үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Ең алдымен, қызметшілер арасында құқықтық жәнге этикалық мәдениетті қалыптастыру қажет. Бұл бағытта тұрақты түрде семинарлар, тренингтер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі ерекше. Олар қызметшілерге кеңес беріп, туындаған этикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл оз кезегінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Әдеп нормаларын бұзу жағдайлары анықталған кезде тиісті тәртіптік шаралар қолдануылы қажет. Бұл мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, қоғам сенімін нығайтады. Қорытындылай келе, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау – тиімді әрі ашық мемлекеттік басқарудың кепілі. Әрбір қызметші осы талаптарды қатаң сақтаған жағдайда ғана қоғам мен менмлекет арасындағы сенім нығая түседі.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының сот әкімшісінің басшысы
Г. Алпысбаева

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...