Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен, мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспардың «Көшбасшы» жобасы аясында мемлекеттік қызметшілердің жетістіктеріне арналған «Мемлекетік қызмет қаһарманы» науқаны жүргізіліде.
Науқан аясында, Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің персоналды басқару қызметінің басшысы Салкинбаев Зейнулла Бекмурзаевичпен таныстырғымыз келіп отыр.
З.Б. Салкинбаев 1974 жылы туылған.
18 жылдық мемлекеттік қызметте өтілі бар. Мемлекеттік қызметті 2006 жылы Алматы қаласы әкімдігінің бас маманы болып бастаған. 2007 жылы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі — Департамент) мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына, 2013 жылы осы департаменттің персоналды басқару қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды. Содан бері осы лауазымда қызмет жасайды.
Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы қызметінде жүрген кезде З.Б. Сакинбаевтың құрастыруымен 2008 жылы «Орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздік (санитарлық-эпидемиология саласы)» атты сөздік және «Іс-қағаздарының үлгілері (СЭҚ)» екі тілдегі құжаттар үлгілері атты екі кітап шығарылды. Оны қызметшілер бүгінгі күнге дейін пайдаланады.
2019 жылы «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсына қатысып, «Мемлекеттік органдарда персоналды басқару қызметін (кадр қызметі) жетілдіру» тақырыбында ұсыныс жобасын әзірледі. Кейіннен бұл ұсынысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолданды. Өз кезегінде Агенттік төрағасы ұсынысты жақсы бағалап, мемлекеттік органдарда персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) жетілдіру жөніндегі Агенттік жүргізетін жұмысқа қатысуға ұсыныс берді. З.Б. Салкинбаев қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік қызметті жетілдіруге қатысты мәселелер сөз болғанда үнемі өзінің жүйелі ұсыныстарын беріп, белсенді атсалысып жүреді.
З.Б. Салкинбаев 2020-22 жж. жылдар аралығында Алматы қаласында СОVID-19 эпидемиясына қарсы ұйымдастыру іс-шараларына да белсене араласты. Атап айтсақ, Алматы қаласы бойынша блок посттарда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің бір-бірімен кезектесіп ауысуы мен Қазақстанның өзге аймақтарынан көмекке келген эпидемиолог мамандарды хостельдерге орналастыру, олардың хаттамаға сәйкес, жұмыс бағыттары бойынша қызметтерін жүзеге асыру бойынша жауапты болды. Сонымен қатар, сол кездерде көмекке сырттан кәсіби мамандарды (бұрынғы СЭС қызметкерлерін және зейнеттегі СЭС қызметкерлерін) жұмысқа тарту бойынша да жауаптылықта болды.
З.Б. Салкинбаев кадр іріктеуді жүйелі жүргізуінің нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және мемлекеттік ққызметшілердің біліктілігі мен адалдығының арқасында мансаптық өсу мүмкіндігіне сенімділігін нығайтуға да зор ықпал етті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке бейінді мамандарды тарту мақсатында медициналық жоғары және арнайы орта оқу орындарының бітіруші студенттеріне мемлекеттік қызметтің маңыздылығы және оған жұмысқа орналасу жолдарын түсіндіру бойынша жылда тұрақты негізде іс-шаралар ұйымдастырады. Соның нәтижесінде, бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне келуге медициналық білімі бар жастардың ынталары артуда.
Жыл сайын мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша спартакиадада Департамент қызметкерлерін ұйымдастырады және команда капитаны ретінде қатысады. Нәтижесінде Департамент 2017, 2018, 2022, 2023, 2024 жж. Алматы қаласының мемлекеттік органдарының ішінен 2-3 орынға ие болды.
«Филология» және «құқықтану» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар, сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты оқу дәрежесі бар.
2020 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Үйленген, 3 баласы бар.
Спортпен, ғылыммен айналысады.
Қала тұрғындары, оқырмандар, мемлекеттік қызметшілерді тек жұмыс жағынан ғана емес, басқа да жақсы жақтарымен таныс болған абзал деп санаймыз.
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Депараментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н. Узбеханов


