12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекет пайдасына өндірілетін
берешек көп

Қазына қаржысы, мемлекеттің бюджеті елдегі табыс көзінен бөлек, азаматтардан жиналатын салықтың, төленетін айыппұлдың есебінен толады. Бюджет бұл – мемлекетті дамытудың, қолдауға зәру әлеуметтік топтарды қолтығынан демеудің мүмкіндігі. Сондықтан мемлекет пайдасына өндірілетін берешекті дер кезінде қайтарту маңызды. Өкінішке орай, біздің қоғамда өз міндетіне селқос қарайтын, берешегін ұзын арқан, кең тұсауға салып ұзақ уақыт төлемей жүріп алатындар қатары көбеймесе кемімей отыр. Мұндай жауапсыздықтан ең алдымен мемлекеттің қамқорлыққа зәру әлеуметтік әлсіз топтары көп зардап шегеді. Осыған орай жеке сот орындаушылар да мемлекет пайдасына өндірілетін берешек мәселесіне ерекше назар аударады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекет пайдасына берешектерді өндіруде тек жеке сот орындаушылардың күшімен, ынтасымен жоғары нәтижеге жету мүмкін емес. Мәселен қазір қай өңірге барсаңыз да көлік көп. Ал мемлекет алдында берешегі барлардың басым бөлігін осы көлік иелері құрайды. Олар күнделікті мініп жүрген көліктерінің салығын дер кезінде төлемейді. Не осы көлікпен жүріп жол ережесін бұзғаны үшін белгіленген айыппұлды да төлеуге асықпайды. Мұндай азаматтарға қателігін түсіндіріп, берешегін қайтарту үшін тек кеңес беру, ақыл айту жеткіліксіз. Ол үшін неғұрлым пәрменді шаралар керек. Және оны құзырлы орындармен бірігіп атқарған жағдайда нәтиже жоғары болады. Соған орай Жеке сот орындаушылар палатасының аймақтық бөлімдері полиция басқармалары, Мемлекеттік кіріс департаментімен өзара ынтымақтаса жұмыс істеу туралы меморандумға отыр­ған. Бұл сот және өзге де уәкілетті органдар актілерін орындауды жетілдіруге көмектеседі. Сондай-ақ, заңсыздықтарға жол бергендердің, заңды айналып өтуге тырысатындардың қылмыстық ісін ашуға әрі жолын кесуге мүмкіндік туғызады. Бірлесе жұмыс істеу жеке сот орындаушылар жұмысын жеңілдетуге де ықпал етері анық. Мемлекет пайдасына өндірілетін сомаларды төлету бойынша күш біріктірудің пайдасы зор.
Өйткені, бұл берешкті өндіру бойынша құзырлы орындардың өзара ақпарат алмасуына, бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырып, мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдар және басқа да төлемдер бойынша борышкерлерді жедел анықтауға көмектеседі. Ал борышкерлердің автокөлікпен жүруіне тыйым салу және оларды айыптұрағына орналастыру, борышкерлерге берілген жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтата тұру шаралары – берешекті өндірудегі пәрменді құралдар.

Бижан Ғалымжан,
Алматы облыстық атқарушылық округының жеке сот орындаушысы

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...

Рақымшылық – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік актісі

Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі –...

Алаяқтың арбауына түспеңіз!

Қаржы алаяқтарының айла-амалдары күн өткен сайын күрделеніп барады. Олар...

Талап қоюдың тәртібі

Ел Президенті өзінің халыққа арнаған әрбір жолдауында заң үстемдігін қамтамасыз етуге, сот...

Тәуелсіз елдің тарихи бастауы

БИЫЛ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛАДЫ. БҰЛ АЗ УАҚЫТ...