Мемлекет басшысы МӘМС туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС туралы заңға қол қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Заң денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды өзгертістерді көздейді. Олардың қатарында:

  • медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
  • медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру және үйлестіруді күшейту мақсатында бірыңғай медициналық қызметтер топтамасын қалыптастыру;
  • халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен қамтуды кеңейту;
  • азаматтардың, жұмыс берушілердің және мемлекеттің бірлескен қатысуы есебінен денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • аурулардың алдын алуды және ерте диагностика жасауды жетілдіру арқылы емдеу ауыртпалығы мен құнын азайту;
  • медициналық ұйымдарды сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуге ынталандыру;
  • медициналық көмекті қаржыландыру саласында ашықтық пен есептілік механизмдерін енгізу.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.