Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді», — деді Тоқаев.
Ол 90-жылдардың басында белгілі саясаткерлер мен саясаттанушылар демографиялық ерекшелігі мен Қазақстан шекарасының реттелмеуіне байланысты біздің елімізге тез арада ыдырайды деп болжаған кезде Нұрсұлтан Назарбаев ең ауыр тарихи кезеңде мемлекеттік құрылыстың ең күрделі миссиясын өз мойнына алғанын айты.
«Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық», — деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, қазір Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі басталды, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр. Сондай-ақ, съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиал өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қосылған.