Мемлекет басшысы Бангладеш президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Бангладеш президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен Бангладеш халқын осы елдің ұлттық мейрамы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті жеделхатында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық болашақта да қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне табыс, ал Бангладеш халқына құт-береке тіледі.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.