Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Спутник V» вакцинасын салдырды

Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ», — деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулер алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы», — деп толықтырды ол.

2021 жылдың қаңтарында Президент коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәтті сынақтан өткен жағдайда екпе салыдартынын айтқан.

«Отандық вакцинаны тестілеудің оң нәтижесінен үміттіміз. Егер жақсы нәтиже болса, мен қазақстандық вакцинаны салдырамын», — деді Тоқаев 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Қарағанды фармацевтика кешенінде ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру басталды. Бастапқыда зауытта 2 миллион доза өндіру жоспарланған болатын. Ақпанда Үкімет Қазақстанда «Спутник V» вакцинасын өндіруге 15 миллиард теңге бөлді.

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...