Мектептерде оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленеді

Қазақстанда оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлназарованың айтуынша, кейінгі екі жылда Қазақстанда 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады. Бұған жыл сайын 175 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінеді.

«Бүгінгі таңда келесі қадамды жасау маңызды: еліміздің барлық мектебі үшін балаларымыздың сапалы, теңдестірілген және қауіпсіз тамақтануының кепілі болатын жаңа стандартты әзірлеу», — деп жазды Әлназарова әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге ЮНИСЕФ-тің қолдауымен мектептегі тамақтану мәселелерін талқыланған. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы мектеп тамағының кемшілігі барын жазған болатынбыз. Тағам заманауи принциптерге сәйкес келмейді. Азық-түлікте қант, тұз, қаныққан май, өңделген тағамдар және жемістер, көкөністер мен сүт өнімдері көп. 

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.