«Мектепке арналған мектеп» әлеуметтік жобасы білім саласындағы диспропорцияны жоюды көздейді

Әлеуметтік жобаның көздеген аудиториясы – Алматы қаласының төрт орта білім беру мектебі, педагогтар мен ата-аналар қоғамдастығы және оқушылар. «Мектепке арналған мектеп» жобасы білімнің ықпалын күшейту үшін атаулы көмек, қолдау көрсету және тәлімгерлік арқылы қоғамдық бастамаларды жұмылдыра отырып мектептің әлеуетін көтеруге бағытталған. Іріктелген отандық төрт мектепте бір жыл көлемінде тегін жүзеге асатын пилоттық жоба «1 Мектеп-Ментор + 3 Мектеп-Менти» форматында өтеді.
Әлеуметтік жобаны Алматы қаласының білім басқармасы, Алматы қалалық білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы, Алматы қаласының әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, ЮНЕСКО клубының Қазақстандағы Ұлттық федерациясы, SHL Central Asia, ICF-Kazakhstan және басқа жергілікті және халықаралық ұйымдар қолдады.

Пилоттық жоба туралы толығырақ 2025 жылғы 27 тамызда 11:00 Алматы қ., Ш. Қалдаяқов көш., 62 мекен-жайында орналасқан Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығында өтетін баспасөз мәслихатында айтып беру үшін, баршаңызды күтеміз.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...