12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мектеп пен үйден бөлек бос уақыт тиімділігі…

      Балалар үйде ата –аналарының, ал мектепте ұстаздардың бақылауында болады. Ал, түзде, өз еріктеріне бос уақыт берілген кезде бақылауды қалай ұстау қажет?..

      Оны мен де білмеймін, алайда өз баламды тәрбиелеу кезінде оның тәрбиесіне туылғаннан бастап көңіл бөлдім. Сондықтан баламды тәрбиелеу кезіндегі қолданған әдісіммен бөліскенді жөн көрдім.

      Кішкентай кезінен бастап баламен сөйлесіп, әдемі суреттері бар ертегі кітаптарды оқып, жасаған іс –әрекеттеріне, қылықтарына  мән бердім. Бала бақшада да, мектепте де ата –аналар кеңесінің төрағасы болып, баланың тірбиесіне көп көңіл бөлдім.

     Бірінші сыныпқа ерте беруге асыққан жоқпын. Баланың балалық кезі есінде әдемі сақталуы қажет. Кішкентай кезде бала бір нәрседен шошынса, ол мәңгілікке қалып, ол да баланың қорқынышына айналуы мүмкін. Ондай жағдайда бірден балаға тиетін зиянды факторлармен күресіп, жеңу керек.

     Ең бастысы баламды шындықты айтуға үйреттім, арғы жағында ұрысатынымды білсе де шындықты айтатын. Мектепте арзан, бірақ сапалы, денесіне жайлы, көзге түспейтін киімдерді алып, киіндірдім. Бала болғасын қызығушылық болады, құрдастарында бар затты алғысы келеді. Бірақ балам өзі жайлы, мектеп үлгісіндегі киімдерді алып беруге ұсынысты айтты. Себебі баламмен оған дейін әңгіме барысында: «Балам, кәмелет жасыңа толғанға дейін қымбат заттар мен киімдер киіп көзге түспеген дұрыс, одан да ақылыңмен дәлелдеп, көзге түсуге тырыс, ер жігіт болып, жоғарғы оқу бітіргеннен кейін қымбат киім, заттарды алуға болады» деп түсіндіретін едім.

      Оның себебі мектепте отбасы жағдайы төмен балалар да оқиды, олар да қатардан қалғысы келмейді. Ал бір мектепте жүргесін бір отбасындай балалар бірдей жүргендері дұрыс.

      Бірде, ата –аналар төрағасы ретінде мектепке барғанымда оқу барысын қадағалайтын қызметкер: «Сіздің балаңыздың сыныбы шынында ерекше екен, соны байқадым, мектепте өте жақсы бағытта оқытатын бір сынып бар, бірақ, бір байқағаным, олар сабақта бір біріне көмектеспей, бір –бірінен тығып жасайды екен, ал келесі сыныпқа кірсем, барлығы бір –біріне көмектесіп, тапсырманы шығаруға көмектеседі екен» деді.

      Бала бақшада орыс тобында болды, бірінші сыныпты орыс тілінде бітірді, содан кейін қазақша мектепке көшкенде қиындау болды. Баламның басы салбырап: «Мама, мен үш алдым» -деп келгенде, мен айтатынмын: «Балам, басыңды көтер, өз күшіңмен алған «Үш» те «Күш» — дейтінмін. Сөйтіп сол  үш алған сабаққа ешкімге ескертпей, рұқсат сұрап, бір күні қатыстым. Ол бір жанжал іздеу емес, баламның сол сабақты алып кетуі үшін білімін қай бағытта көтеру болды.

       Бір күні ата –аналар төрағасы ретінде мені мектепке шақырды. Шақырту себебі, бір мәселе туындаған екен.  Мектепте сабақты өте нашар оқитын бір қыз бала бар екен, соның анасын шақырып: «Сіздің қызыңыз нашар оқиды, сіз енді басқа шағын ауданға көшіпсіз, қызыңызды сол мектепке ауыстырыңыз» деді. Қыздың анасы: «Менің қызым басқа мектепке ауысуға келіспей отыр, осы мектепте оқимын деп отыр, оның ауысқанын біз де қалап отырмыз» деп, қызының осы мектепте қалғысы келетінін айтты. Мұғалім: «Қызыңыз бүгін де екі алды, бұндай оқушы біздің де көрсеткішімізге әсер етеді» деді. Содан анасы: «Қызымның бүгін туған күні еді, екі алғанына әкесі тағы ұрысатын болды ғой» деп, сасқалақтады. Менің ары қарай әңгімелерін тыңдап отыруға шыдамым жетпей: «Сіз мұғалім ретінде баланың сол мектепте қалып, бағасының неге төмен екендігіне мән беріп, сабаққа құштарлығын туғызатын бағытты көрсетуіңіз керек, ал сіз ана ретінде, балаңызға ұрыспай жылу беруіңіз керек, бүгін үйге келгенде алдынан тортын алып, күлімдеп қарсы алып: «Қызым, сен сабақты жаман оқысаң да, біз сені жақсы көреміз» деп, барлық мейірімдіктеріңізді қөрсетіңдер, сол кезде ғана бала бала өзін -өзі түзеп, жақсы бағытқа ұмтылады. Кейін, сұрағанымда қыз сол мектепте қалып, оқуы да жөнделген.

      Үйде баламды барлық жұмысқа баулыдым. Қазіргі таңда қолынан барлық іс келеді. Колледжді өз еңбегімен жақсы бітіріп, басқа елде жоғары оқу орнын бітірді. Оқып жүріп бірнеше жерде қосымша жұмыс жасап, барлық жағдайын өзі жасады.

       Мектеп, колледж кезіндегі демалыста еріктілер қатарында мемлекеттік орындарда жұмыс жасады. Әр түрлі спорттарға, білім бойынша сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алды.

     Ал, енді баламнан: «Балам, жүріп жүрген қызың бар ма?» деген сұрағыма үнемі: «Мама, әр отбасының аялап өсіріп жүрген қызымен жәй жүріп, тастап жүргім келмейді, мен тек үйленетін қызыммен ғана жүремін» деді.

        Үйде де, мектепте де, бос кезде де уақытты тиімді пайдалану керек. Әр балаға кішкентай кезінде көңіл бөліп, тәрбиелеу барысын өткізіп алмау керек.

       «Ал, түзде, өз еріктеріне бос уақыт берілген кезде бақылауды қалай ұстау қажет?..» деген сұрағыма жауап берудің де қажеті жоқ. Мейірімділікті көріп өскен бала, ата –аналарын уайымдатпауға тырысады, оның жүрегінде де мейірімділік ұялайды, сондықтан олар жағымсыз іс –әрекеттер жасамайды.

      Әр баланың өмірін әдемі, көрікті етейік!

 Г. ХоджабековаМаңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                                   істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

                                        сотының жетекші маманы

2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды

«Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс....

Мүгедектігі бар мыңдаған бала боччадан тұрақты спорт секцияларына барып жүр

Қазақстандағы Бочча федерациясының жемісті жұмыс істеп келе жатқанына төрт...

Сотта шара өтті

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік сот ісін...

Соревнования завершились победой юристов

Президент Казахстана К.Ж Токаев уделяет повышенное внимание развитию массового...

 А закончилось все полкой в магазине 

Начиналась раздача поношенных вещей всем желающим весьма пышно. Около...