Мектеп пәндері біріге ме? Министр жауап берді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұрын жоспарланған пәндерді біріктіру мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Оның сөзінше, 2025 жылғы алқалы жиында бірқатар пәндерді біріктіру туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атап айтқанда, физика, химия және биологияны — жаратылыстану ғылымдарына, алгебра мен геометрияны — математика пәніне, сондай-ақ дүниежүзі тарихын, құқық негіздері мен әлеуметтік ғылымдарды біріктіру көзделген болатын, — деді министр.

Алайда бұл реформа кейіннен тоқтатылған.

Біз іргелі пәндер жеке-жеке оқытылуы керек деген ұстанымға келдік. Бұл мәселе мұғалімдердің жүктемесіне де тікелей байланысты. Педагогикалық қауымдастықпен талқылау жүргізіліп, жан-жақты талдау жасалды, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, балалардың цифрлық дәуірде іргелі білімді терең меңгеруі маңызды.

Осыған байланысты реформа уақытша тоқтатылды. Апробация жүргізілді, алайда барлық пәндер бұрынғыдай жеке оқытылатын болады. Пәндерді біріктіру жоспарланбайды, — деді ол.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.