12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мекемеге жаңадан қабылданған мұғалімдерге “құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты №79 мекемесінде мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі М.О. Утепова және мекеме қызметкерлері мен мекеме жанындағы колледж мұғалімдерінің бірлесіп ұйымдастыруымен “Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер мен білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әкімшілік құқық бұзушылықтың мәнін түсіндіру және оның алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексінің негізгі баптары, құқық бұзушылықтың түрлері мен олардың құқықтық салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы мен әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлары нақты мысалдармен түсіндірілді. Мекеме психологтары мен колледж педагогтары қатысушыларға адам мінез-құлқының құқық бұзушылыққа әкелетін психологиялық себептері мен оларды болдырмау жолдары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, қызметкерлер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, құқықтық тұрғыдан пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...