Мекемедегі сотталған азаматшаларға қабылдау жүргізілді

Атырау облысының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы және Атырау облысы бойынша Қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Изтлеуов Азамат Абдуғалиұлымен 13.06.2024 жылы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің #79 мекемесін аралап, мекеменің аймағында орналасқан монша, медицинамен қамтамасыз ету бөлімі, сотталған азаматшаларға арналған асхана мен кітапхана және жатын орындарымен танысты.

Мекемеде орналасқан өндірістік нысандарына аралау жүргізіліп, сонымен қатар байланыс құралдары мен бейнебақылау жүйелерімен жабдықталуы зерделенді. Мекемедегі сотталған азаматшаларға қабылдау жүргізілді. Содан кейін сотталған азаматшалардың кешкі тексерісіне қатысып, құқықтық көмек көрсету үшін жеке қабылдау жүргізетіндерін жеткізді. Облыс прокуроры және департамент бастығы ниет білдірген барлық сотталған азаматшаларды қабылдады. Қойылған сұрақтардың дені түзету мекемелеріндегі жағдайларға, шартты-мерзімінен бұрын босатуға және сот қаулыларының заңдылықтарына қатысты болды.

Абай мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы, философ...

Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті: бірқатар қорытынды құжат қабылданды

Шолпан-Ата қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғыз...