12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мекемеде бақылаушы қызметкерлермен жиын өтті

ҚАЖ мекемелерінде бақылаушылардың қызметі зор жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, мекеменің бақылаушылары сотталғандарды қадағалау жұмыстарын және мекемені, сотталғандар жұмысқа орналастырған өндірістік объектілерді,режим талаптары бекітілген,оларға іргелес жатқан аумақтарды күзетеді. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде бақылаушылар қызметі бөлімінің 14 бақылаушысы қызмет атқарады.

Мекеменің бақылаушылар қызметі сотталғандарды мекемелерден өндірістік объектілерге және кері қарай айдауылдау, сотталғандар орын ауыстырған кезінде оларды күзету, күзеттен қашқан адамдарды іздестіру және ұстау, топтық бағынбаушылықтарды және жаппай тәртіпсіздіктерді тоқтату және мекеме аумағына адамдардың кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), құжаттар мен бұйымдарды кіргізу (шығару), сонымен қатар ҚАЖ қызметкерлерінің, азаматтардың және өзге де тұлғалардың мекеме аумағына арнайы рұқсаттар бойынша кіру және болу тәртібін ұйымдастыру бойынша өткізу тәртібін жүзеге асырады.

Бүгін мекеменің бақылаушылар қызметі бастығының міндетін атқарушы Ә.Рахманов пен кадр саясаты тобының аға инстекторы әділет капитаны Д.Оспанов мекеме бақылаушыларымен жиын өткізді.

Жиын барысында әділет капитаны Д.Оспанов бақылаушыларға сыбайлас жемқорлықты болдырмау,алдын алу бағытында түсіндіріп, қызмет барысында қызметтік тәртіпті, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауды назарларына жеткізді. Ал әділет майоры Әзімхан Рахманов мекемеде жазасын өтеуші сотталғандармен байланысқа түспеу керектігін және қызмет бабында заң аясында жұмыс жасау қажеттігін баса айтты.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген...

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...