Мекемеде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды

Іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеп шыққан азаматшалардың қоғамға қайта бейімделуіне, әлеуметтік қолдауға және тұрақты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болды.
Шараға “Біз де адамбыз” қорының жетекшісі мен мүшесі , Атырау қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, мансап орталығының мамандары, Атырау қалалық пробация қызметінің өкілі қатысты. Қатысушылар мекемеден босатылып жатырған сотталған азаматшамен кездесіп, әлеуметтік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және қайта әлеуметтендіру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мамандар қатысушыларға жұмыспен қамту орталығы арқылы бос жұмыс орындары мен кәсіптік оқыту курстарына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
«Қақпа алдында кездесу» жобасы – қоғамға қайта бейімделуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастама. Мұндай кездесулер сотталған азаматшалардың жаңа өмірге бейімделуіне, құқық бұзушылықтың алдын алуға және олардың отбасына, қоғамға қайта оралуына оң ықпал етеді.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...