Мекеме жеке құрамы чемпионат жеңімпаздарын құттықтады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлері арасында өткен қоян-қолтық күрестен XV чемпионаты өз мәресіне жетті. Абай облысы ҚАЖД №19 мекемесінің чемпионатта жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орын қанжылаған қызметкерлерін, әріптестері мен мекеме басшылығы құттықтады.
Спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 10 команданы құрайтын 53 ҚАЖ қызметкерлері қатысып, күш-жігері мен шеберліктерін ортаға салған болатын. Жеңімпаздар арасында мекеме қызметкерлері: Токжігітов Дәурен мен Сайлыбаев Ғалымжан да бар еді.
Қоян-қолтық күрес — тек дене күші ғана емес, тактикалық ойлау мен шапшаңдықты талап ететін спорт түрі. Сондықтан бұл жарыс қатысушылардың кәсіби және физикалық дайындық деңгейін айқындаған айтулы шара болды-дейді чемпионат төрешісі Дастан Исабеков.
Бүгінгі жеңіс – табандылық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Қызмет пен спортты қатар алып жүрген сіздер – нағыз ерлік пен үлгінің иесісіздер. Бұл жеңіс тек сіздерге емес, тұтас ұжымға ортақ мақтаныш, – дейді мақтанышын жасыра алмаған мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.
Мекеме ұжымы жеңімпаздарды зор ықыласпен қарсы алып, олардың жетістігін лайықты атап өтті. Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасында серпіліс туғызып, саламатты өмір салтын ұстануға ынталандырады. Сонымен қатар, жас қызметкерлер үшін де үлкен мотивация болып табылады.

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...