Мекеме заңгері сотталғандарға құқықтарын түсіндірді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам сотталған жазаларын өтеуде. Мекемеде жазасын өтеушілерге құқықтық түсіндірме жұмыстары жиі өткізіледі.

Бүгін мекеме заңгері Жалғас Есмаханов сотталғандарға ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 118-бабына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл бапта жазасын өтеу кезінде мемлекетке, мекемеге, жеке немесе заңды тұлғаларға материалдық залал келтiрген жағдайда, сотталғандар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болатынын және сотталған адам мемлекетке, мекемеге келтiрген залалдың, өзінің қашып шығуының жолын кесуге, өз денсаулығына қасақана зиян келтiрген жағдайда өзін емдеуге байланысты қосымша шығындардың орнын толтыруға тиiс. Заңгер Жалғас Есмаханов сотталғандардың жаза өтеу кезінде құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп және әрбір адам өзінің жасаған әрекеттерінің салдары туралы хабардар болуы тиіс екенін атап өтті.

Іс-шара соңында жазасын өтеушілер мекеме заңгеріне сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Alikhan Bokeikhan University студенттері ерекше қауіпсіздік мекемесінің қызметімен танысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Alikhan Bokeikhan...

Организовано психологическое мероприятие для осуждённых под названием «Сказкотерапия»

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Студенты Alikhan Bokeikhan University посетили учреждение №20 в рамках меморандума о сотрудничестве

В рамках реализации меморандума о сотрудничестве между Alikhan Bokeikhan...

Alikhan Bokeikhan University студенттері ынтымақтастық туралы меморандум аясында №20 мекемеге барды

Alikhan Bokeikhan University мен Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...