Мекеме қызметкерлері үздік қызметкерлерді марапаттады

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Республика күні мемлекеттік мереке болып алғаш рет 1995 жылы жарияланған болатын. Ал 2009 жылы заңға өзгерістер енгізіліп, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. 13 жылдан соң, «25-қазан Республика күні» ретінде қайта бекітіліп, президент тиісті заңға қол қойды. 2022 жылдың 16 шілдесінде өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін ұлттық мереке ретінде қайта тойлауды ұсынды. Осы жылдың қыркүйегінде Ел Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізіп, 25 қазан – Республика күні ұлттық, ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып бекітілді.

Осы іс-шараға орай Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-Атқару жүйесі Департаментіне қарасты №24 мекемесінде қызметкерлерге қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және Республика күнін мерекелеуге байланысты алғыс хаттармен марапатталып, концерттік бағдарлама өтті. Мерекенің Еліміз үшін тарихи маңыздылығы өте зор, бұл дегеніміз ең бастысы ұрпақ тәрбиесі үшін қажет дүние.

Сондықтан, Қазақ Елін, 13 жылдан соң қайта қауышып отырған Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары әділет подполковнигі А. Есбосынов. Мерекелік концерт соңында Егемен Қазақстанның «25 Қазан – Республика күні» декларациясының қабылданғандығы туралы деректі документалдық бейнеролик көрсетіліп, ән шашумен аяқталды.

№24 мекемесінің Кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны А.А. Мынгатов.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...

«Будучи в Парламенте, они долго блокировали прогрессивные налоги на роскошь или сверхприбыли – члены ОДСП высказались об Ак Жол

Руководитель Центрального аппарата Общенациональная социал-демократическая партия Максут Насибулов выступил...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ: ТАРИХШЫ МЕН ЗАҢГЕР КӨЗҚАРАСЫ

2026 жылғы 1 шілде – Қазақстанның конституциялық даму тарихындағы...