Мекеме мәртебесі кеңсеге істі қабылдау тәртібінен және әдептілігінен басталады

      Хат, арыз, өтінім және тағы басқа талап арыздардың барлығы кеңсеге тіркеліп, содан кейін ішкі жұмыс бағыты бойынша жұмыстануға бөлінеді. Сондықтан кеңсе қызметкерлерінің қызметін оңай деп айтуға келмейді. 

     Соның ішінде сот жүйесінде арыз, өтініш беріп жатқан адамдардың біреулері ашумен келеді. Ал, бұндай жағдайда жағдайдың ушығып кетпеуі маңызды. Бұл жерде кеңсе қызметкерлерінің әдептілігі басты орында, себебі әдепті сөйлеп, сабырлылықпен жауап қайтарудың өзі жоғарғы дәрежені көрсетеді. 

     Ал, кеңседегі тәртіптілік –құжаттардың уақтылы қабылданып, сапалы жұмыс нәтижесіне қол жеткізеді.

     «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» атты кітабында «Іс қағаздарының қызметтеріне жеке тұрғалар арасындағы қатынасты, жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты, әртүрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші, мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші, жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы, мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші, тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі, мекеме мен ұйымның атқарған істерінің және мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші деп көрсетілген. Ал, іс қағаздарын сипаттарына саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда), әлеуметтік (қоғамдық –әлеуметтік қатынастарда), ұйымдастырушылық (басқару қызмет жүйесінде), құқықтық (заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда), тарихи (әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда), ресмилік (міндетті түрде заңды тұрғыда тіркелуінде) делінген. Сонымен қатар құжаттау элементтеріне 1) құжаттарды дайындау, 2) құжаттарды жолдау, тіркеу, 3) сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу, 4) құжаттарды қолдануға дайындау, 5) құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау, 6)  құжаттарды мұрағат қорына дайындау деген. 

       Сондықтан кеңсе қызметкерінің тәртіптілігі жұмыс бағытының өз тәртібімен жасалуына, ал әдептілігі жеке адам мен қоғам арасындағы реттеуші ретінде жоғары нәтижеге жеткізетіні анық.

                                Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                        істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының   

                            бас маман – Сарсенкуль Толесбаева  

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Принцип гласности в уголовном процессе Республики Казахстан: проблемы реализации и пути совершенствования

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Проблемы системности и эффективности УПК Республики Казахстан: избыточность, пробелы, противоречия

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...