Медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Атырау облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті және департаментке қарасты мекемелердің басшылары Атырау облыстық емханасы бар госпиталь қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Департамент бастығы құттықтау сөзін — Құрметті медицина қызметкерлері, сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Біздің әрқайсымыз үшін жақын туғандарымыздың өмірі мен денсаулығынан артық құндылық жоқ. Дәл осы баға жетпес құндылықты сақтап қалуға негізделетін аса жоғары жауапкершілік денсаулық сақтау саласының мамандарына жүктелген.
Өз істеріне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратып, әрбір маман емделуші адамдардың жағдайын жасап, олардың тез жазылуына ықпал етеді. Осындай абзал мамандардан ем алып, сырқатымыздан айығамыз.
Адам денсаулығын сақтау жолындағы абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, қызметте әрқашанда абырой биігінен көрініп, еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық отбасыларыңызға амандық, бақ – береке тілейміз деп алғыс хаттарымен гүл шоқтарын табыс етті.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...