12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиативтік істердің қатарын артқан жөн

 Халықта дау-дамайды тек қана сот арқылы шешу керек деген көзқарас қалыптасқан. Сондықтан сәл ғана дау туындай қалса дереу сотқа жүгініп, істің тек сотта қаралғанын қалайды. Ал сотқа жүгінудің ретіне келетін болсақ, ол біраз уақыт әуре-сарсаңға, яғни арыз беруден басталып, мемлекеттік баж салығы, сот шығыны, жол қаражаты, заңгерлерді жалдау сияқты шығындары бар. Әр іске соңғы нүкте қойылғанша тек қана бір емес, бірнеше сот отырыстары өтуі әбден мүмкін, ал оның соңы жұмыстан қайта-қайта сұранып, жеке тірлікті ысырып қоюға әкеліп соғады. Сондықтан мүмкіндігінше істің медиациямен біткені барлық тарапқа ыңғайлы. Әсіресе карантин кезінде істі медиациямен шешудің маңызы арта түсті. 

Қазір елімізде медиацияны дамытудың түрлі жолдары қарастырылуда. «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасы іске асып жатыр. Соған байланысты әрбір өңірде соттан тыс татуластыру орталықтары ашылып, жұмыстануда. Бұл орталықтан келушілер медиатордың, адвокаттардың, нотариустар мен сот орындаушыларының қызметтерін тегін ала алады. Сонымен қатар аудандар мен ауылдық округтерде де билер кеңесі құрылып, жергілікті халықтың тыныштығын бұзатын келеңсіздіктерді, атап айтқанда отбасының ажырасуы, ішімдікке салыну, ұрлық тағы басқа да құқық бұзушылықтарды тоқтату үшін әрекеттер жасалуда. Мәселен карантин кезінде Жоғарғы сот «Онлайн татуластыру» сервисін іске қосты. Оның көмегімен кез-келген адам республика соттарының сайттарынан осы өңірде жұмыс істейтін медиаторлардың тізімін оңай таба алады. Олар кез-келген дау-дамайды сотқа жеткізбестен шешуге көмектеседі. «Дау қуған бәлеге жолығады» дейді бабаларымыз. Сол айтпақшы, арыз жазып, өзіңіз де, өзгелер де әбігерге түспес үшін мәселенің түп-тамырына үңілген абзал. Егер өзара шешуге, екеуара түсінісуге болатын жағдай орын алса, ішкі өзімшілдігіңізді басып, екінші жақтың уәжін тыңдауға уақыт тапқаныңыз, шыдамдылық танытқаныңыз жөн. Ал алғашқы екпінмен арыз жазып қойған азаматтарға татуласуға, кикілжіңді ортақ мәмілемен шешуге ешқандай кедергі жоқ. Керісінше, сот саласының соңғы жылдары кешенді түрде қолға алған іс-шаралары медиацияны дамытуға, медиаторлардың белсенділігін арттыруға, судья-медиаторлардың жұмысын жандандыруға бағытталғанын атай кеткеніміз жөн. Яғни, соттаспаймын, істі медиациямен шешемін деген тараптарға медиаторлар да, судьялар да көмектесуге әзір.

Медияцияның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Осы орайда сот әділдігін іске асырған қазақ билерінің ел ішіндегі дау-дамайды ушықтырмай, іштей келісімге келтіртіп, шешіп отырғанын атап өту керек. Дауласқан екі тараптың мәселесін сотқа апармай, ақ-қарасын өзара келісімге келіп анықтау дауды шешудің әлемдік тәжірибе көрсеткен бірегей ұтымды жолы. Бүгінде бүкіләлемдік тәжірибеде медиация ірі бизнестерден бастап, ажырасу мен дүниені бөлісу деген сияқты мәселелерге дейін кеңінен қолданылады. Халықаралық статистикаға жүгінетін болсақ, бүкіл келіспеушіліктердің 30-40 пайызы мадиация арқылы өткізіледі, ойдағыдай нәтижеге оның 85 пайызы ие болады екен. Сондықтан біздің елімізде де медиациялық істердің қатарын барша көбейткен абзал.

МАХАРАДЗЕ ЗАЛИНА ИЛЬЯСОВНА, Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Судья көмекшілерінің көмегі көп

Сот жұмысын жандандыратын, судьялар жұмысын оңтайландыратын бастамалар аз емес....

Медиацияның тиімді тұсы көп

Елде даудың көбеюі халықтың бірлігіне салқынын тигізеді. Дау артқан...

Дербес кассациялық соттар – азаматтар сенімінің кепілі

Азаматтар өз құқығы мен бостандығының мінсіз қорғалғанын, сапалы қаралғанын...

Медиация әділ шешім негізі

Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде медиация кеңінен қолданыла бастады....

Дәлелдемелер дер уақытында ұсынылуы тиіс

Азаматтық процестік кодекстің 73-бабында дәлелдемелерді ұсыну нормалары көрсетілген. Мұны...