Медиацияны дамытудың маңыздылығы

Соңғы жылдары еліміздің сот саласында медиация жүйесі жиі қолданыла бастады. Осы орайда сот тәртібінде қаралатын даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдері ретінде медиация әдісін қолдану – адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі деуге болады.

Қазақстанда медиация туралы заң 2011 жылы қабылданғанымен, бұл институттың қызметі кейінгі жылдары кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі күні медиация жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларда қолданылып келеді.

Медиация қоғам үшін де тиімді. Ол ең алдымен тараптардың өз уақыттары мен қаржыларының үнемделуіне ықпал етеді. Қатысушы азаматтардың арасындағы мейірімді қатынастардың сақталып қалуына ықпал етіп, құпиялықтың сақталуына, медиаторларды өз еркімен таңдау құқығын береді. Мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қымбат тұратын қызметіне де ақша шығындалмайды. Сондықтан медиация жүйесі ең алдымен тараптар үшін тиімді.

Қазіргі таңда медиациялық жүйе ассамблея ұйымдарында да қолданыла бастады. Ел ішінің татулығын арттырып, әділ шешім шығаруда аталмыш жүйенің маңызы зор. Жалпы қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Яғни Медиация жаңа термин болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы деуге толық негіз бар.

Айнұр Амеркенова, Алматы гарнизоны әскери сотының бас маманы — сот мәжілісінің хатшысы 

Жеріне көпір құрылысы соғылып кеткен азаматтың құқығы сотта қорғалды

Азамат М.Пратовтың меншігінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Карасу а/о,...

Расширение сферы административной юстиции

17 декабря 2025 года Глава государства подписал Закон Республики...

Разногласия по налоговым спорам

Если упрощенно, то под налоговыми спорами понимаются разногласия, возникающие...

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...