12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация ­– ынтымақтастық кепілі

Кешірімділік пен келісім қазақ халқына тән болғандықтан, егемен еліміз дау шешудің баламалы тәсілдерін уақыт талабына сай жаңғыртуда. Медиацияның тиімділігін түсінгендер соттан тыс және сот барысында дауды өзара келісіммен бітіруде. Бұл ретте судьялар тарапынан заңмен белгіленген шараның бәрі жасалуда. Көп жағдайда азаматтар медиация туралы соттардан біледі.

Дау-жанжалды медиация тәртібімен, татуласу рәсімдерімен және   партисипативтік  келісіммен, сондай-ақ, сотқа дейін реттеу хаттамасымен бітіру, бұлардың қай-қайсысын алсақ та барлығы тараптардың келісімімен және таңдауымен жүзеге асырылады. Кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың міндеттері мен құқықтары арнайы заңмен бекітілген. Бұдан бөлек Жоғарғы Соттың бастамасымен республикамыздың барлық аумағында Билер кеңесі құрылды, дауласушылықты азайту мақсатында ақсақалдар алқасы тартылуда. Дауды соттан тыс реттеуде нотариустардың атқарушылық жазба бойынша құзыреті кеңейтілді.  Тіпті, сот актісін орындау сатысында да татуласу мүмкіндігі берілген. Мұндай кезде татуласу келісімі сот актісі орындалатын аумақтағы бірінші сатыдағы немесе оны қабылдаған соттың бекітуіне ұсынылады.  

Медиация институтының заңдық тұрғыда жан-жақты жетілдіріліп жатқанына заңдардағы өзгерістер дәлел. Осы тұрғыда дауды партисипативтік рәсіммен реттеуге адвокаттармен қатар заңгерлік палата мүшелеріне де құқық берілуін, сондай-ақ, сотқа дейінгі реттеу хаттамасын айтуға болады. Бұл хаттама дауды тараптардың өзара келісімімен, яғни, соттың араласуынсыз шешуіне ықпал етеді. Қазіргі күні азаматтардың сотқа дейін, сот барысында татуласуына барлық жағдай жасалған. Тек тиісті мамандар, мысалы, медиаторлар мен адвокаттар, заң консультанттары палаталарының мүшелері тарапынан белсенділік қажет. Партисипативтік рәсіммен бітетін істер санының артуы  заң палатасы мүшелерінің жұмысына тікелей байланысты. Себебі, Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң талабына сай, партисипативтік рәсімді жүргізуге тараптар адвокаттары мен заң консультанттары палаталарының мүшелері құқылы. Бұл рәсімге судья қатыспағанымен, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп, оны бекіту немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.

Дау-дамайды ушықтырмай екі жақтың келісімімен аяқтау кәсіби біліктілік пен мол тәжірибені талап етеді.  Сондықтан, кәсіби немесе кәсіби емес медиатор, адвокат, заңгер, т.б. болсын бұған үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Татуласу шаралары халықтың ауызбіршілігін сақтап, уақыты мен қаржысын ғана үнемдемейді, сонымен бірге сот жүктемесін азайтуға да септігін тигізеді. Дауды бітімгершілікпен бітіруде  ескеретін жайт, келісім шарт тек заң шеңберінде жасалы тиіс. Өйткені, келісім талаптары заңға қайшы болса немесе өзгелердің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан тигізсе сотта бекітілмейді.

Медиация институты адамның заңды мүддесі мен құқығын, бостандығын тиімді тәсілдермен қалпына келтіруді көздеуімен, сондай-ақ,  дауласушыларды өзара ынтымақтастықта әрекет етуге талпындыруымен құнды.

Индира Абекова, Түрксіб аудандық сотының судьясы Алматы қаласы

Результативность работы госслужащих – следствие  эффективного планирования рабочего времени

Защита прав государственных служащих - важное направление деятельности Агентства...

«Электронды сот төрелігінің тиімділігі»

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Какие меры принимаются для защиты прав детей при разводах – судья Кымбат Комиртасова

При рассмотрении дел о расторжении брака судами принимаются определенные...